Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Жүрсін Ерман: «Отадан аман қалсам, әділ айтыс өткізем»

232

Ауруxанада жатырмын. Бітеліп қалған қан тамырларыма ота жасамақшы. Осыдан аман шықсам бір жоспарым бар:

«Алтын домбыра» туралы әртүрлі әңгіме айтылды ғой. Анығы, Аллаға аян. Болатбек пен Мұxтардың арасында уақыты шектеусіз жекпе жек айтыс өткізгім келеді. Тікелей эфирде. Көрсетілімді қай телеарна мойнына ала алады? Демеуші болғысы келетіндер бар ма? Төрелікті xалық жасаса қайтер ед? Қандай жолмен?

Ақыл қосыңдар. Пікір айтыңдар. Сырттан сынай беру оңай ғой. Ішінде болыңдар. Ұлт өнеріне шын жанашыр болсаңдар соңынан жұдырық білеп әркімді ғайбаттағанша қазір көмекке келіңдер.

Жобаны жүзеге асыру үшін мен өліп қалмауым керек, дұғаларыңа қоса жүріңіздерші».

Айта кетейік, 5-6-желтоқсан күндері Алматыда өткен «Алтын домбыра» айтысында бас жүлде қызылордалық Мұхтар Ниязовқа берілген болатын. Төрешілердің бұл шешімімен келіспеген халық қатты даурықты. Бұған лайық Алматының арда ақыны, бірінші орынды иеленген Болатбек Оразбаев секілді көрінді. Әлеуметтік желіде де қызу талқы болды.

Кейін осы дауға қатысты Айбек Қалиев «Алтын домбыра» айтысы ел арасына іріткі салатын болса, оны өткізбей-ақ қою керек деген пікір айтқан. Одан соң 8 желтоқсан күні Болатбек ақын бәрі дұрыс деп, бұл дауға өзі нүкте қойған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз