Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Жөргектегі баланы аяусыз ұрып-соққан жауыз әйел Өзбекстан азаматы болып шықты

Ал қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары барысында ұсталған әйелді шекарадан заңсыз өтіп, ҚР көші-қоң заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр.

Сонымен қатар, ішкі істер министрлігі өкілі қазіргі уақытта әйелді қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін қылмыстық іс материалдарын Өзбекстан Республикасына жіберуге қатысты мемлекеттік тапсырыстың дайындалып жатқанын айтты.

Еске салайық, осыған дейін әлеуметтік желі қолданушылары бір әйелдің өз сәбиін аяусыз ұрып-соғып жатқаны бейнеленген видеоны талқылаған болатын. Видеоны Instagram желісіне жүктеген авторлардың айтуынша, бұл видео бірнеше ай бұрын түсірілген. Олардың айтуынша, сәбиді ұрып-соғып жатқан әйел Қарақалпақстанның тумасы және Алматы маңындағы “Алтын Орда” базарының маңында тұрған.

Еске сала кетелік, биыл Мәскеуде бала күтуші болып жалданған Өзбекстан келіншегі баланы бауыздап, үйді тонап кеткен болатын. Кейіннен ол ұсталып, өз кінәсін мойындаған.

https://www.youtube.com/watch?v=AvRFWTKR9nQ

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз