Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-4
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Зейнетақыны мерзімінен бұрын алу: барлығына бірдей емес, байларға ғана пайдалы — Своик

312
Петр Своик. Сурет: Роман Суханов

Зейнетақы қорынан кім және қанша ақша ала алады?

2020 жылғы 1 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауы кезінде 2021 жылы БЖЗҚ-ның 700 мың салымшысы өз жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, емделуге немесе қаржы компанияларына басқаруға беру үшін пайдалана алатынын атап өтті.

Екі күннен кейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 2020 жылдың соңына дейін заңнамаға барлық қажетті түзетулер қабылданатынына сендірді. Яғни, 2021 жылдың басынан бастап жеткіліктілік шегінен тыс жинаған қазақстандықтар зейнетақы ақшасын пайдалана алады.

«Алдын ала есептеулер бойынша, мысалы, 30 жастағы азаматтар үшін «жеткіліктілік шегі» 2 млн 518 мың теңгені құрайды. Осы сомадан артық қаржысы болса, олар жоғарыда аталған қажеттеліктер үшін ақша шешіп ала алады.

  • 35 жас – 2 миллион 961 мың.;
  • 40 жас – 3 миллион 437 мың.;
  • 45 жас – 3 миллион 947 мың.;
  • 50 жас – 4 миллион 495 мың.;
  • 55 жас – 5 миллион 084 мың.;
  • 59 және одан да көп жас – 5 миллион 586 мың

Осы «шекті» сомаға қол жеткізу ел бойынша орташа айлық жалақы деңгейінде табысы бар тұрақты жұмыс істейтін азаматтар үшін әбден қолжетімді», – деп түсіндірді министр.

Еңбек министрлігінің осы алдын ала есептеріне 721 мың азамат кіреді.

Бұл жаңашылдықтық қандай  әлеуметтік-экономикалық салдары болатынын экономист Петр Своик айтып берді.

Жақсы болсын деді

— Петр Владимирович, алғашқы есептеу бойынша жеткіліктілік мөлшері жоғары болғандықтан мерзімінен бұрын алынатын қаржыны  салымшылардың 1%-ы ғана ала алатын еді. Енді бұл ақша салымшылардың шамамен 10%-ына қолжетімді. Бұл жаңалық туралы не ойлайсыз?

Мен жақында қабылданған шешіммен түбегейлі келіспеймін.

2019 жылы Президент үкімет пен парламентке зейнетақы жүйесіне қатысты үш тапсырма берді. Біріншіден, оның тиімділігін түбегейлі қайта қарау. Екіншіден, үш мемлекеттік қорды — зейнетақы, әлеуметтік және медициналық-сақтандыру қорын біріктіру мәселесін пысықтау. Үшіншіден, салымшыларға өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану құқығын беру мәселесін пысықтау.

Бірінші мәселені де, екіншісін де үкімет мүлдем елемеді. Үшіншісін мен арандатушылық деп айтар едім

Президент салымшылардың қандай да бір бөлігіне ғана рұқсат беріңдер демеді. Ол салымшыларға деді, яғни бұл бәріне қатысты. Ал үкімет бұл құқықты жинақтаушы зейнетақы жүйесінің кейбір  қатысушыларына ғана беру туралы шешім қабылдады. Яғни, президенттің үшінші тапсырмасы да бұзылды.

Зейнетақы жинақтарынан ақша шешіп алу — әдейі тықпалап отырған бомба

Осы жолы үкіметтің қолынан келетін нәрсеге назар аударуға мәжбүр болды. Сондықтан, 1 қыркүйекте президент бір жыл бұрынғы өзінің ұстанымын емес, үкіметтің қалауын дауыстап білдірді.

Аса керек емес адамдарға беріледі

Неліктен сіз түбегейлі қарсысыз?

— Мен қарсымын, өйткені менің бір кездері  үкіметтік топта талқылаған ұсынысым бар. Мен барлық салымшыларға зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану құқығын беруді ұсындым. Ал бұл құқықты сақтап қалу үшін және ақша бітпеуі үшін Ұлттық қордағы транштардың бір бөлігін салымшылардың жинақтаушы шоттары арқылы бөлу керек. Мен жартысын беруді ұсындым, бәрібір бұл транштар әртүрлі әлеуметтік істерге барады.

Сондықтан олар жинақтау шоттары арқылы білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және т. б. берілсін

Сондай-ақ, мен бұл құқықты тек тұрғын үй мен білім алуға ғана емес, сонымен бірге бүгінгі күннің өткір қажеттіліктеріне де жұмсау үшін беруді ұсындым. Тұрғын үй және білім — бұл іргелі қажеттіліктер, адамның  өмірде олар 1-2 рет пайда болады. Бірақ күн сайын тамақтану, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, дәрі-дәрмек сатып алу және т.б. қажет. Сондықтан менің түсінігімде меншікті жинақтарды жұмсау тізімі кең болуы керек. Бұл тұрғын үй, білім беру, емдеу, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және жергілікті өндірушілерден азық-түлік сатып алу болсын. Яғни, азаматтарымыздың жинақтау жүйесі мен төлем қабілеттілігі арқылы біз дамуды талап ететін өндіріс бағыттарын қолдаймыз. Бұл менің кешенді ұсынысым болды.

Байлар ғана ақша шешіп ала ма?

— Ал олар осы қаражаттың бір тілімін ғана бергелі отыр, — деп жалғастырады Своик. — Сондай-ақ салымшылардың бір бөлігі ғана осы құқыққа ие болды. Олардың көбі байлар.

Адам неғұрлым бай болса, ол өзінің тұрғын үй мәселелерін неғұрлым сенімді шешеді, ал алынған ақшаны өзіне қажет емес тұрғын үйге жұмсау мүмкіндігі көбірек болады.Ал адамның проблемасы неғұрлым көп болса, соғұрлым азырақ ақша жұмсай алады. Салымшылардың көпшілігі  жеткілікті мөлшерге жетпегеннен, ақша ала да, жұмсай да алмайды.

Бастапқыда бұл жаңалықты қарастырған үкіметтік топ салымшылардың тек 1%-ына мерзімінен бұрын ақша алу құқығын бергісі келді. Енді олардың қатары көбейіп, шамамен 10%-ға жетті. Бұл нағыз арандатушылыққа апарады. Егер азаматтардың тек 1%-ы ғана ақшаларын шешіп алса, ешкім ешнәрсе байқамайтын еді. Тіпті бұл адамдардың ақшасы онсыз да жеткілікті, сондықтан барлығы бірдей алдын ала шешіп алмайды. Ал әр онынша адам ақша шешіп алса, әркімнің бір «бақытты» танысы болады. Олардың реакциясы қандай болатынын алдын ала болжау мүмкін емес.

Біздің әлеуметтік мемлекетімізде үкімет арандатушылық мәндегі, мүлдем қоғамға қарсы шешімдер қабылдайды. Тіпті президентті бұл шешімге қол қоюға мәжбүр етеді.

Зейнетақы жүйесінің дәрменсіздігі

— БЖЗҚ-дан шыққан ақша ағыны тұрғын үй мен медициналық қызметтердің бағасына қалай әсер етеді?

— Бұл тұрғын үй бағасын көтермейді, себебі Қазақстанда тұрғын үй әлеуметтік емес, алыпсатарлық тауар. Нарықтағы баға азаматтардың қалтасындағы ақшадан бірнеше есе жоғары. Бұл тұрғыда ұсыныс пен төлемге қабілетті сұраныстың арасы өте алшақ.

Зейнетақы жүйесі арқылы нарыққа келетін салыстырмалы түрде аз ақша оған баға тұрғысынан әсер етпейді. Онсіыз да баға шарықтап тұр.

Емдеу бағасына келетін болсақ, жағдай шамамен бірдей деп ойлаймын. Бізде барлық жерде коммерциялық бағалар. Тіпті коронавирус пандемиясы да ештеңені өзгертпеді. Медициналық қызметтердің бағасы қазақстандықтардың нақты төлем қабілеттілігімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары.

— Бұл шешімнің әлеуметтік және экономикалық салдары қандай болады?

— Ешқандай салдары болмайды.

Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы бөлігі зейнетақы жүктемесінің 9%-ынан аз, ал осы зейнетақы жүктемесінің 91%-ын бюджет көтереді. БЖЗҚ өзінше бір әлем. Онда 12 трлн теңге жинақталған. Адамдарға да, экономикаға да қолжетімсіз. Инвестициялық кіріс бюджет есебінен жасалады, оған БЖЗҚ активтері салынып, инвестициялық пайыздармен бірге қайта шығарып алады.

Шындығында, барлығымыз бюджетке қарап отырмыз. Ал инвестициялық табыс деген не өзі. Зейнетақы жинақтау жүйесі өзінің дәрменсіздігін сенімді және лайықты дәлелдеді. Ондағы ерікті салымдар үлесі жүзден бір пайызды құрауы  сөзіме дәлел бола алады.

Президент өткен жылғы жолдауында орынды үш тапсырма бергенмен, биыл үкіметтің алдында дәрсенсіздік танытып,  оның арандатушылық квази-шешімін өз атынан жариялады. Үкімет те өткен бір жыл ішінде мемлекет басшысының тапсырмаларын қалай айтылса, солай жүзеге асыруға тырыспады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз