Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Зейнетақыны алдын ала есептеуге болатын болды

Зейнетақыны алдын ала есептеу және кеңес алу үшін еңбек кітапшасын, білімі туралы дипломын, әскери билетін, неке туралы куәлікті ұсыну қажет. Сондай-ақ әйел адамдар үшін балаларының туу туралы куәліктері мен жеке куәліктері керек болады. Жұмыс өтілін растайтын құжаттар болмаған жағдайда, мұрағат анықтамасын, сот шешімін, оңалту туралы анықтаманы ұсынуға болады.

“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, осы пилоттық жобаны тестіден өткізу – мемлекеттік қызметтерді белсенді көрсетуге алғашқы қадам.

“Біз азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу үшін бізге келулерін күтіп отырмай, оларды алуға өзіміз бастамашылық жасағымыз келетінін бірнеше рет айтқанбыз. Әзірше бұл – біз бастамашылық жасаған бірінші пилоттық жоба. Сондай-ақ біз клинеттерге олар зейнетақы төлемдерін үйден шықпай-ақ алдын ала есептей алатындарын естеріне саламыз. Болашақта осындай көптеген пилоттар қызметтерді белсенді көрсетуге бағытталатын болады деп ойлаймын”, – деді Оспанов.
Оспанов пилоттық жобаның әзірше тек Астанада тестіден өтетінін, ал азаматтар тарапынан оң пікірлер болған жағдайда, ол Қазақстанның басқа да қалаларына таратылатынын айтып өтті. Айтпақшы, зейнетақының алдын ала мөлшері көрсетілетін ақпаратты мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері өтініш электрондық поштаға түскеннен кейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынуға міндетті. Егер азамат корпорацияның бэк-офисіне жүгінген болса, онда ол мұны сол күні-ақ біле алады.
Зейнетке шығуына дейін көп дегенде 3 ай қалған азаматтар ғана алдын ала есептеу үшін өтініш білдіруге келе алатынын атап айтамыз.
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз