Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Зейнетақы қорындағы жемқорлық дауына Қырғызстанның да қатысы бар болып шықты

Cонымен қатар,  олар Қырғызстанның зейнетақы қорын да инвестор ретінде тартпақ болған екен.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы бұл былықтан бәрі хабардар. Бірақ, неге екенін, сот отырысында алты айыпталушы мен тоғыз қорғаушыны түсіруге тыйым салынды. Айыпты прокурор байыппен оқып, егжей-тегжейлі түсіндірді. Экс-бастық Ерданаевтың орынбасары Дабыр Медетбекевтің кеңесімен, «Бозгул Аурум» инвестор ретінде Қырғызстанның зейнетақы қорын да тартпақ болған. Бірақ , айырқалпақты ағайындармен арадағы келіссөз ешқандай нәтиже бермеген.

Амалы таусылған «Бозгул Аурумның» құрылтайшысы Бақытжан Кенжебаев артынша бағалы қағаздарын өткізу үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы басшыларға қолқа салады. Жымысқы әрекетті жүзеге асыру үшін Ерданаев бастаған сыбайластар 700 мың доллар пара сұраған.

Осылайша, қазына қаржысы құлқынның қамына құл болды. Бірақ , 5 млрд теңгені талан-таражға салғандардың тасы өрге домаламады.  Прокурордың айыбына қатысты қордың экс-бастығы үнсіз қалуды жөн көрді. Ал, жеме-жемге келгенде жандары қысылған сыбайластары Медетбеков пен Найзағарин айыптарын қазірден мойындап отыр. Алайда, Ерданаевтың адвокаты оны 700 мың доллар пара алды деген прокурордың сөзін жоққа шығарды.

“Айыптау актісіндегі бір құжаттың сипаттамасында басқа сома, қорытындысында мүлде басқа сома көрсетілген. Бұл заңсыз деп ойлаймын. Сондықтан, айыптау актін кері қайтару керек еді. Тиісті өзгертулерді енгізу  қажет”, – дейді қорғаушы Александр Блок.

Қор қазынасының бүйірін тесіп қор болғандар қылмыстық кодекстің 189 бабы, яғни сеніп тапсырылған мүлікті үлкен көлемде мақсатсыз жұмсады деп айыпталып отыр. Атышулы іс қарашаның 22-і жалғасады. Ол кезде куәгерлер мен айыпталушылар тыңдалады деп күтіліп отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз