Нұр-Сұлтан
Қазір
-14
Ертең
-6
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

Зейнетақы ақшасын жымқыруға қатысты тағы бір адам істі болды

Сотқа дейінгі тергеу органы Талғас Тұртаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі “Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу” бойынша күдік келтіріп отыр. Сондай-ақ, Алматы қалалық сотының өкілдері “Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры” АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Дабыр Медетбековты қамауда ұстау бұлтартпау шарасының мерзімін 8-маусымға дейін ұзарту туралы шешім шығарылғанын хабарлады.

Айта кетейік, “БЖЗҚ” АҚ басқармасының экс-төрағасы Руслан Ерденаевтың, “БЖЗҚ” АҚ Қатерлерді басқару департаментінің Қаржы қатерлері басқармасының басшысы Мұса Бахтовтың, “АлатауМұнайАлтын” АҚ бақылау кеңесінің төрағасы әрі “Бузгул Аурум” ЖШС құрылтайшысы Бақытжан Кенжебаевтың, “Бузгул Аурум” ЖШС директоры Азат Найзағариннің қамау мерзімі тағы бір айға, яғни 28-мамырға дейін ұзарғаны белгілі болды. Сотқа дейінгі тергеу органдары Руслан Ерденаев пен басқаларға мүлікке қатысты көрінеу ауыр қылмыс жасады деген күдік келтіріп отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз