Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Зейнетақы қорының басшысы қамауға алынды

Оңтүстік Кореядағы Ұлттық зейнетақы қорының төрағасы Мун Кен Пхе қамауға алынды, деп жазады Lenta.ru.

Елде құрылған арнайы прокуратура коррупциялық дауды тергей келе, Зейнетақы қорының басшылығын қамауға алды.

Мун Кен Пхе былтыр Samsumg-тің екі корпорациясын біріктіру үрдісіне қолдау көрсету үшін Зейнетақы қорына қысым жасаған деген күдік бар. Ол кезде Мун Кен Пхе қорға басшылық ететін Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігін басқарған еді.

Айта кетсек, бұл елде саяси дағдарыс болып тұр. Желтоқсанның 9-ы күні парламент президент Пак Кын Х-ның импичментіне дауыс берген. Енді Конституциялық сот бұл шешімді 180 күннің ішінде не кері қайтарып, не қолдап шығуы керек.

Саяси дағдарысқа себеп болған адам – президенттің «подругасы», көріпкелдікпен айналысатын Чхве Сун Силь. Ол ақша сұрап, елдегі ондаған фирмаларға қысым көрсеткен болатын. Бұл істе 77,4 миллиард вон (65,6 миллион доллар) көлеміндегі ірі сома аталуда. Ал президенттің бұрынғы көмекшісі Чон Хо Сонг президенттің «подругасына» құпия ақпараттар беріп келген екен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз