Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Өзбек жасаған!”. Түркия полициясы Стамбұлдағы терактіге кінәліні тапты

Бұған дейін Стамбулдағы шабуылға Орталық Азиядағы постсоветтік елдерден шыққандардың қатысы болуы мүмкін деген ақпаратпен бірге “күдіктінің өзін өзі түсіргені” (селфи) делінген бейнекадр да тараған еді. Интернетте кәсіпкер Қырғызстан азаматының құжатының көшірмесі жарияланған. Бірақ ол адам шабуыл жасалған сәтте түнгі клубта болмағанын мәлімдеп, кейін оның Стамбулдағы оқиғаға қатысы жоғын Қырғызстан арнайы қызметі растаған.

Қаңтардың 1-іне қараған түні Стамбулдағы Reina түнгі клубына жиналған бірнеше жүз адамға қарулы белгісіз ер кісі жаппай оқ жаудырған. Салдарынан 39 адам қаза тауып, 69 адам жараланған. Қазаға ұшырағандар арасында оннан астам елдің азаматтары бар.

Стамбулдағы шабуылдың жауапкершілігін “Ислам мемлекеті” (ИМ) экстремистік ұйымы мойнына алған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз