Өзбекстан Украинаға тұрмыстық техникаларын жеткізе бастады деп хабарлайды жергілікті БАҚ Украинадағы Өзбекстан елшілігіне сілтеме жасап.
Елшілікте атап өткендей, Киевте өзбек-украин кәсіпкерлерінің кездесуі өткеннен кейін, Өзбекстанда жасалған Artel брендті тұрмыстық техникаларын бірінші рет Украинаға жеткізе бастаған.
Өзбекстанның Украинадағы елшісі Әлішер Абдуалиев елдің маңызды салаларының бірі тұрмыстық техника мен электроникалар өндіру деп атаған.
«Қазіргі уақытта біз Украина нарығына кір жуатын машина, газ плиталарын әкелдік. Енді Artel брендті телевизорлар мен тоңазтқыштар жеткіземіз», – деген Өзбекстан елшісі.