Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

“Өзбек тәуірлеу”. Жапондар қазаққа сенбей ме?

Жапондар – мәдениеті жоғары халық

Бірақ экономист Бауыржан Исабековтің айтуынша, күншығыс елімен байланысымыз әлі де болса кемшін түсуде. Айта кетсек,

Жапония соңғы 10 жылда елімізге небәрі 5 миллиард доллар ғана инвестиция салған.

Қазір әлемде Жалпы ішкі өнім көлемі бойынша 16,7 трлн доллармен АҚШ бірінші орында, 16,4 трлн доллармен Қытай екінші орында. Ал Жапония 15,7 трлн доллармен үшінші орында тұр. Жалпы ішкі өнімі бойынша әлемде үшінші тұрған мемлекет үшін 5 млрд доллар инвестиция – тым аз. Жапонияда жинаған тәжірибем бар. Біздің еліміздегі реформалардың жүзеге аспай жатуының негізгі себебі – рухани өзектің болмауы. Мен дәл жапондар сияқты таза, әрі мәдениеті өте жоғары халықты өмірімде көрген жоқпын. Ол елде заңды бәрі бірдей құрметтейді, олар – өте кішіпейіл халық. Егер біз Жапониямен тығыз қарым-қатынас орната алсақ, бұл біз үшін өте керемет болар еді, – дейді Бауыржан Исабеков.

Жапондар қазақтан бұрын өзбекті сыйлай ма?

Расында, Жапонияның соңғы 10 жылда Қазақстанға небәрі 5 млрд доллар инвестиция құюы қызық. Өйткені 2015 жылы Синдзо Абэ Өзбекстанмен 8,5 миллиард, ал Түркіменстанмен 18 миллиард доллардың келісім-шартын жасасқан. Сондай-ақ бұл мемлекет Қырғыз еліне 0,1 пайызбен 120 млн доллар несие берген.

Ал Қазақстанға жасаған сапарында қандай сомаға келісім-шарт жасалғаны мүлдем айтылған жоқ. Мұның себебі неде?

Біздің экономикамыз негізінен сыртқы фактордың арқасында жұмыс істейді. Біз өзіміздің мүмкіндігімізге көңіл аудармай, сырттан инвестор тарту арқылы жұмыс істеуге айрықша назар аударамыз.

Бұл біздің экономикамыздың әлжуаздығынан, тек шикізат өндіруші ел болып отырғанымыздың салдарынан болып отыр.

Ал Өзбекстан мен Түркіменстан экономикасын ішкі фактордың негізінде дамытып отыр.

Кез-келген инвестор әлеуеті жоғары мемлекетті сыйлайды. Солармен серіктес болғысы келеді.

Жапонияның біздің елге қарағанда Өзбекстан мен Түркіменстанға көбірек инвестиция салуының себебі сол деп ойлаймын, – дейді экономист.

Айтпақшы, кезінде Алаш арыстары «Жапония үлгісіндегі мемлекет құрамыз» деп алдарына мақсат қойған болатын. Арада 100 жыл өтсе де бұл мақсат орындалған жоқ. Біздің билік ұлттық мүдде үшін жапондармен терең қарым-қатынас орната түсу керек шығар. Себебі күншығыс елімен әріптестік құру болашақта Қытай мен Ресейдің ықпалынан құтқаратын балама жол болуы ғажап емес.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз