2017 жылы бағдарламалар мен компьтерлік ойындарды заңсыз жолмен дискілерге көшіріп басатын, жасырын 9 цех анықталды.
Бұл туралы Қаржы министрлігі кірістер комитеті жедел іздестіру қызметі департаментінің сарапшы-офицері Эльмира Қалығұлова мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz .
«Өткен жылы авторлық құқық және сабақтас құқықты бұзуға қатысты істер бойынша Экономикалық тергеу қызметі жедел жолмен 179 істің 123-і қылмыс екенін анықтады. Бұл – DVD дискілерді және Sony PlayStation приставкасына арналған контрафактілік ойындарды және «1С-өндіріс» бағдарламасының заңсыз таратуға байланысты. Сонымен қатар осындай дискілерді жасайтын 9 жасырын цех анықталды», – деді Эльмира Қалығұлова Әділет министрлігінде өтіп жатқан контрафактілік өнімдердің мәселелеріне арналған дөңгелек үстелде.