Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

«Заңның сиқы осы екен». Әйелін ұратын еркектер неге тайраңдап жүр?

333

«Күйеуім алғаш қол көтергенде-ақ бақытсыз некеге ұрынғанымды ұқтым. Содан кейін мені ұрып-соғуды әдетке айналдырып алды. Басымды қабырғаға соққылайды, тұншықтырады, талай рет есімнен танғам.

Ол менімен адам сияқты еш сөйлеспейтін, бірден ұруға кіріседі. Жай шапалақпен тартып қалса бір жөн ғой, тура қанішер маньяк сияқты аяусыз ұратын. Өзі содан ләззат алатын сияқты.

Тіпті жүкті болып жүргенімде де ұра беретін. Ажырасқан деген жаман сөзден қорқып, шыдап келдім», – дейді Жәмилә.

Заң әйелді есерсоқ еркектен қорғай алмайды!

Былтыр сәуір айында есерсоқ күйеуінен құтылуға итермелеген бір оқиға болыпты:

«Кезекті бір ұрыс-керіс кезінде ата-енем бізді ажыратуға тырысқан еді, күйеуім шәйнекті сындырып, соның үшкір шынысымен ата-енемнің қолын кескілеп тастады. Мұның бәрі 3 жастағы ұлымыздың көз алдында болды.

Содан кейін маған кірісті. Қолымды тіліп жіберді, қаным сорғалап далаға қаштым. Такси ұстап ауруханаға жеттім. Ауруханаға полиция келіп, арыз жазғызды.

Бірақ заңды некедегі күйеуің қанша қанішер болса да, ондайларға тек әкімшілік айыппұл салады, не бірнеше тәулікке ғана қамауға алады екен.

Сонда қалай, айыппұл төлеп, не бір-екі тәулік отырып, сосын келіп әйеліңді қайтадан ұрып-соғуға бола бере ме? Заң өте әлсіз екен, әйелдерді қорғай алмайды», дейді ол.

Іс сотқа дейін жетсе де, Жәмилә сот отырысына қатыспай, бармай-ақ қоюды жөн тауыпты. Сөйтсе соттағылар бұл әйел арызынан бас тартты, деп шешіпті.

«Осылайша, мені өлтіре жаздаған күйеуім соттан ешқандай жаза алмады. Мен одан құтылғаныма қуанамын. Әйтпесе бір күні соның қолынан өліп қалар едім. Ақыры ажырастым. Ол ары кетсе, басқа әйел алып, оны да ұрып-соғар, ал мен ажырасқан әйел деген жаман атқа ие болдым», – деп жазады ол.

Оның сөзінше, Қазақстанда күйеуінен қорлық көретін әйелдердің құқығына назар аудару керек. Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңдарды күшейтпесе болмайды.

«Заңдарымыз осындай күйеулерді тайраңдатып қойған», — дейді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз