Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-2
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

«Заң мен Тәртіп» сервисі: құқық қорғау органдарымен жедел әрі қолжетімді байланыс құралы

Азаматтар жол-көлік оқиғалары, жол жүру ережелерін бұзу, тұрмыстық зорлық-зомбылық, балаларға қатысты оқиғалар, өзге де құқықбұзушылықтар мен оқиғалар туралы жедел түрде хабарлай алады.

Сонымен қатар, полиция қызметкерінің әрекетіне шағым жолдау мүмкіндігі қарастырылған. Қолданушылар мәтіндік хабарлама, дауыс жазба, бейне немесе фото материалдар жолдай алады.

Әрбір жолданған өтініш жүйеде автоматты түрде тіркеледі. Азамат өтінішінің қаралу мәртебесі туралы хабарлама алып отырады. Сондай-ақ, кері байланыс жасауды қамтамасыз ететін жедел басқару орталығының диспетчерімен чат қол жетімді.

Сервис ІІМ-нің «102» мобильді қосымшасы негізінде әзірленіп, азаматтардың қажеттіліктері мен заманауи цифрлық шешімдер ескерілген. Сервисті халық арасында кеңінен таныстыру мақсатында ағымды жылдың маусым, қыркүйек және қазан айларында eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы push-хабарламалар жіберу арқылы мақсатты ақпараттық науқандар өткізілді.

«Заң мен Тәртіп» сервисі бұл ашық, қауіпсіз және технологиялық қоғам құру жолындағы маңызды қадам. Бұл құрал азаматтардың қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуына мүмкіндік берсе, құқық қорғау органдарына тұрғындардан келіп түскен сигналдарға жедел әрекет етуге жол ашады.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз