Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
16
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

“Заң «қытайша» жазылған”. Дос Көшім жаңа Жер кодексі туралы шындықты айтты

199

https://kaz.365info.kz/khytaj-khazakhtyn-kej-onirlerin-oz-zheri-dej-me-ministrlik-tysinikteme-berdi-302322

Бұл сұрақ, менің ойымша, ең маңызды мәселе. Егер заңды өзгерту туралы мәселе туындап отырса, неге бес жыл бойы күтуіміз керек? Осы мәселе мен үшін түсініксіз”, — деді Көшім.

Саясаттанушы осы ретте Қазақстанның заңдарын адам ұғына алмайтын Қытайдың иероглифтеріне теңеді. Оның айтуынша,

біздің заңды түсіну үшін тағы бес институт, бес жүз заңгер керек.

“Үшінші мәселе заңдарға қатысты.

Біздің заңымыз Қытайдың иероглифтері сияқты. Заңымызды түсіндіру үшін тағы бес институт, 500 заңгер керек. Кез-келген заңды қарап шықсаңыз, “Егер Қазақстанның басқа заңдарында көзделмесе”, деген сыңайда жазылған сөйлемдерді кезіктіруге болады. Сонда біз оның көзделген-көзделмегенін білу үшін үш жүз заңды қарап шығуымыз керек пе? Заң нақты болуы керек!

АҚШ Конституциясын қарап көріңіздерші. Әрбір мәселе нақты. Кез келген шопыр, кез келген шопан заңды оқып, дұрыс-бұрыс дей алады. Ал біздің заңымыз шимай-шимай бір бәле. Мүмкін, кеңес өкіметінен қалған дүние шығар, кім білсін. Біз енді мұны өзгертейік. Екі-ақ нәрсе ғой жазылатын: жер ешкімге сатылмайды. Ауылшаруашылық жері дегенді қосып қойыңдар. Екіншісі, жер шетелдік компанияларға берілмейді. Болды осымен, сосын осы екі норманы халыққа көрсетіңдер”, — деді Көшім.

https://kaz.365info.kz/olar-khaptap-zhyr-myrat-auezov-khytajga-khatysty-ylken-shyndykhty-ajtty-300868

Саясаттанушы ұрандатып көшеге шыққан халықтың екі талабы орындалмай, заңға баға бере алмайтынын айтты.

“Заң толық болу керек, толық баға берілу керек. Жаңағы халықтың көтеріліп, көшеге шыққан екі негізгі мәселесі шешілмей тұрған уақытта бұл заңға мен баға бере алмаймын. Барлық денесі бар, басы жоқ, жүрегі мен жаны жоқ. Жайылымдық жер, шекара аймақтарындағы мәселе, жерді бөлу кезіндегі оның ашықтығы мен жариялығы – мұның бәрі кірген, тамаша. Жүз пайыз қолдау мүмкін емес. Заң әркімге бірдей тең келмейді”,- деді ол.

“Бірақ егер заң толық болмаса, бұл айқай, сенімсіздік әлі күнге дейін қалады.

Бір ғана үмітім бар, Құдайға шүкір Қазақстанда көше бар, 70 пайыздай қазақ бар”, — деп түйіндеді сөзін саясаттанушы.

https://kaz.365info.kz/aza-ty-b-lip-iritki-sal-an-bolat-tarnuev-a-dos-k-shim-zhauap-atty-233950

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз