Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
16
USD
421
-2.14
EUR
499
-0.30
RUB
5.6
-0.04

Қызылордада педагогикалық-психологиялық түзету кабинеті ашылды

167

Баршаңызды педагогикалық-психологиялық түзету кабинетінің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Жалпы білім беретін мектепте даму мүмкіндігі шектеулі балаларға қолайлы жағдай жасау – біздің басты міндетіміз. Облыстағы мүмкіндігі шектеулі 5744 баланың 1775-і жалпы орта білім беру мектептерінде оқиды. Оқыту–тәрбиелеу, түзету, құқықтық кеңестер беру жұмыстарын жүргізу мақсатында 17 арнаулы білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. Мәселен, 2014 жылы мүмкіндігі шектеулі балалар арнайы біліммен 29,2 пайыз, инклюзивтік біліммен 31пайыз қамтылса, 2015 жылы арнайы біліммен 30,4пайыз, инклюзивтік біліммен 46 пайыз қамтылды. Келер жылы арнайы біліммен қамтуды 35 пайызға дейін жеткізу, ал инклюзивтік білім алуға жағдай жасаған білім беру ұйымдарын 23 пайызға дейін дамыту көзделуде. Педагогикалық-психоголиялық түзету кабинетінің ашылуымен тағы да құттықтай отырып, бала саулығы мен оқыту жолындағы жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін – деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Содан соң облыс әкімі ізгілікті істер басынан табылған «Дара» қайырымдылық қорының құрылтайшысы Гүлнәр Досаеваға және «Қор» Мұнай компаниясының бас директоры Марат Нұрпейісовке алғыс хат табыстады. Мекеменің жасақталған ЛФК залы, дефектолог, Монтессори, психолог, сурдопедагог және логопед кабинеттерінің жұмыстарымен танысты.

Айта кетейік, «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» жанынан инклюзивтік білім беру жағдайындағы ресурстық орталықтың жұмысын ұйымдастыру да жоспарлануда. Сондай-ақ орталық жыл сайын 100-ден астам дамуында ауытқушылығы бар балаларға қызмет көрсететін болады.

????????????????????????????????????

?

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз