Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Үзеңгіні көшпенділер ойлап тапқан

865

Сонда, үзеңгі туралы тым қысқа қайырылғандай көрінді. Үзеңгіні көшпенділер ойлап тапқан.

Еуропада мұндағы Спартактың өзі жайдақ атпен шауып жүргенін бейнелеген сурет бар.

Үзеңгі сол тұста əлемдік деңгейдегі ұлы ғылыми жаңалық іспетті еді.

Атқа мініп, түсудегі шапшаңдықты, ұрыс қимылындағы қолайлылықты айтпағанның өзінде үзеңгінің арқасында ата-бабаларымыз мыңдаған шақырымға шаршамай-шалдықпай шауып жетуге, лау арқылы бір құрлықтан екіншісінің шетіне дейін жедел хабар таратуға мүмкіндік тапқан.

Қысқасы, əлемде алғаш рет почта қызметінің негізін қалаған. Үзеңгі туралы жеке бір мақала жазуға болатын жайы бар.

Жер қайысқан қолмен жарты əлемді бағындырудың өзі сол үзеңгінің арқасы еді ғой.

Жайдақ атқа мінген адам далақтап шабар, бірақ, алысқа бармай шаршап орта жолда шашылып қалар еді.

Ойды ой қозғаған соң жай жаза салғаным ғой. Сапарға шықсаңдар, үзеңгі жолдастарың адал болсын!

Қуандық Шамахайұлы

Фейбсук парақшасынан 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз