Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қыздар, байға тигілерің келсе, шіли “жестокий” болмасаңдаршы

111

Ұшар басына отырып алдық қонжиып. Өзімше қыздың белінен құшақтап отырмын. Нұсқаушы барлығымызды отырғызып болған соң, “Егер қорқынышты болып жатса, қолдарыңызды көтеріңіздер” деп ескертті. Ішімнен “уақ” деп күліп қоямын. Тапқан екенсің қорқатын адамды. Содан нұсқаушы бір тетікті басып қалып еді. Кемеміз қозғалып кеп берді. Зəрем зəр түбіне кетті. Дəл қазір мына қайықтан ұшып кететін сияқтымын. Бүкіл өмірім көз алдымнан зулап өтті.

“Ержан қызбен қыдырып жүріп, пираттан ұшып өліпті” десе западло ғой” деп ойлап отырмын. Қолымды көтерейін десем, ұшып кететін сияқтымын. Жүрегім алды. “Мə, қазір мына қыздың үстін бүлдіріп қойып, кофтасын жуып жүрмесем болғаны” деген ойдың басыма келгені сол, қолымның қалай көтерілгенін сезбей қалдым. Аттракцион тоқтады. Қасымдағы қыз тырқылдап күліп жатыр. Оған қарайтын мен бе? Түсіп қалдым. Пиратым қайта кетті самғап. Көзімнің қиығымен қарап отырмын. Əлгі қыз мəз. Екі қолын жайып алған. Түскен соң, көңіл-күйім жоқ “қайтамыз ба?” дедім. Ол келісті. Тезірек үйіне жетсек екен деп келе жатырмын. Саябақтан шыға берісте питонмен суретке түсіретін потогрып шыға келді. “Суретке түсейікші” деді əлгі қыз. Құлықсыз келістім. Содан əлгі потогрып қолақпандай питонмен əлгі қыз екеумізді қосақтап қойды. Қыздың белі қолымды күйдіріп бара жатқанмен, əлгі жылан сұп-суық боп мойнымды жыбырлатып барады. Содан ақшасын төлей салып, қызды үйіне жеткізгенше асықтым. Одан кейін ол қызға жоламай кеттім.

Не ғой, қыздар! Байға тигілерің келсе, шіли жестокий болмасаңдаршы. Жігіттер, егер қаламасаңдар, жалған намысқа тырысып пиратқа мінгізбей-ақ қойыңдар. Одан да пойызға мінгізіңдер. Рақат қой, пойыз деген. Ррромантикаааа!

Ержан Тәліп

Facebook-тегі парақшасынан

photo_94614

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз