Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Олардікі дұрыс…”. Төлібаев орыстілді қазақтарды ұялтып тастады

Сонымен Төлібаев былай депті:

«Мен өзі орыстілді қазақпын.

Орысы көп қалада өстім. Орыс мектебінде білім алдым. Жоғары оқу орнына түскенде де орысша оқыдық. Оқу бітіріп, жұмысқа кіріскенде де араласқан ортам негізінен орыстілді еді.

Жасырып не керек, әлі күнге дейін орысша ойлап, орысша сөйлеймін. Орысша түс көремін…

Жасыратын несі бар,

Қазақстанда елдің бәрі орысша сөйлеп жүре берсе, орыс тілінің көсегесі көгере түссе, орыстілді мен үшін тиімді болар еді.

Бірақ…

Мен бәрібір қазақпын. Орыстілді болсам да қазақпын. Орыстілді қазақтың өз ұлтына, өз тіліне, діліне жаны ашымайды деп ойлайсыз ба? Олай ойласаңыз, қателесесіз.

Түсінбей-ақ қойдым.

Неліктен қазақтардың өз елінде, өз жерінде жүріп, құқығы шектелуі, намысы аяққа тапталуы тиіс? Неге?

https://kaz.365info.kz/bala-oryssha-o-ymasa-adam-bolmaj-ma-210045
Олар неге барлық мемлекеттік органдардан өзіне қажетті қызметті мемлекеттік тілде ала алмайды? Олар неге елдегі кез-келген дүкеннен өзіне қажетті тауарды қазақ тілінде сөйлеп сатып ала алмайды? Неліктен кез-келген дәріханада оларға қажетті дәрі-дәрмектің дайындалуын қазақ тілінде түсіндірмейді?

Бәрін қойшы.

Олардың Қазақстанда жүріп, қазақша сөйлеуін әлдекімдердің ұлтараздықты қоздыру, бірлікке сына қағу деп арандататыны, бұра тартатыны қалай?

«Менімен мемлекеттік тілде сөйлес» деп, талап қоятын қазақтарды “шовинист” деп, айыптауға қандай құқықтары бар?

Өзімен мемлекеттік тілде сөйлесуді сұраған қазақ өзге ұлттың ар-намысына тимесе, тіліне тыйым салмаса, әлдекімдердің бұлай деуіне қандай негіз бар?

Ойланайық орыстілділер. Олар бізбен өзінің туған тілінде сөйлескісі келеді және сол тілде қызмет көрсеткенді қалайды. Бар болғаны осы.

Әрбірден соң, олар өз жерінде жүр ғой. Өз елінде жүре тұра мемлекеттік тілде сөйлеуді, мемлекеттік тілде қызмет көрсетуді өтінуге мәжбүр. Неге? Ақылға сия ма, осы? Тұтас бір ұлттың намысын аяққа таптау ғой бұл?!

Әлемде мемлекеті өзінікі бола, мемлекеттік тілі мүсәпір  хәлге түскен қазақтан басқа  дәл осындай ұлт бар ма екен?».
https://kaz.365info.kz/renzhimender-khazakhtar-bolashakh-baribir-mangyrtterdin-kholynda-askhar-abdimaminov-313451

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз