Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қытай Қазақстан арқылы Ұлыбританияға жүк тасымалдайтын пойызды іске қосты

2017 жылдың басынан бастап Қытайдың Чжэцзян провинциясындағы Иу қаласы мен Лондон арасында жүк тасымалдайтын жаңа қызмет іске қосылды. Жаңа қызмет екі ел арасында тауарларды тасуға жұмсалатын қаражат пен уақытты үнемдеуге бағытталған.

Айта кетейік, пойыз 18 тәулікте 12 мыңнан аса шақырымды жүріп өте алады. Ол Қазақстан, Ресей, Беларусь, Польша, Германия және Франция арқылы жүретін болады. Сондай-ақ, бастапқыда пойыздардың аптасына бір рет жүретіні айтылады. Осылайша, бірінші пойыз қажетті тауарларды: сөмкелерді, киім-кешектерді және тағы да басқа заттарды тасымалдайды.

“Бұл қызмет түрі Ұлыбритания мен Қытай арасындағы сауда ынтымақтастығының маңызды екенін көрсетеді”, – деді Onetwothree Logistics менеджері Оскар Лин. Сондай-ақ, осыған дейін қытайлықтар 2020 жылға қарай теміржол желілерін 150 мың шақырымға дейін кеңейткісі келетінін мәлімдеген болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз