Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Қытай Қазақстанға 26 млрд доллардың 51 жобасын қамтитын өндіріс күшін көшірмек

101

Қазақстан президентінің айтуынша, бұл химия өндірісі, тау-металлургия секторы, машина жасау саласы, инфрақұрылымдар, энергетика, агроөнеркәсіп кешендері, жеңіл өнеркәсіп, мұнай өңдеу, құрылыс материалдары және ақпараттық технологиялар өндірісіне жататын жобалар.

Оның екеуі іске қосылып та қойыпты: полипропилен ұнтағы өндірісі құрылғыларының модернизациясы және жеңіл автокөлік өндірісі.

– Қазір біздің елімізде Қазақстан бойынша транзиттік тасымал тиімділігін арттыратын 16 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл қытай компаниялары үшін жаңа транспорттық мүмкіндіктерді ашады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Президент екі елдің біріккен іс-қимылында жоғары құн салығына бағытталған жоғары технологиялық саланы қарыштатуға басымдық беріліп жатқанын да баса айтты.

Еске сала кетелік, 1-қыркүйекте кешқұрым Нұрсұлтан Назарбаев G-20 Саммитіне қатысу үшін Қытайдың Ханчжоу қаласына ат басын тіреді. Онда Мемлекет басшысының ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуі және Саммит аясында делегациялар басшыларымен келіссөздер өткізуі жоспарланған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз