Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қытайға қазақ қыздарын қоспақ неке агенттігіндегі митингке қатысты түсініктеме берілді

Прокуратураның мәліметі бойынша, 11 қаңтарда сағат 11:30 шамасында Республика даңғылындағы “Индира и К” бизнес орталығының аумағында 20 адам жиналып, GIMENEY агенттігінің қызметіне наразылығын білдірген.

“Бұл факт бойынша ішкі істер органы мен прокуратура қызметкерлері аталған орынға барды. Бизнес орталық жетекшілігі тарапынан арыз түспегендіктен, құқық қорғау органдарының міндеті – болуы мүмкін делінген заңбұзушылықтың алдын алу еді”, – делінген хабарламада.

Аудан прокуратурасының өкілдері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жиналғандарға компания кеңсесіне кіру ұсынылды. Мұнда неке агенттігінің жетекшілігі баспасөз мәслихатын өткізді. Мәслихат аяқталысымен жиналғандардың барлығы тарады.

“Астана қаласының әкімдігіне көрсетілген мекенжай бойынша наразылық акциясын өткізуге рұқсат беру туралы өтініш түспегенін қосымша хабарлаймыз”, – деп жауап берді прокуратура өкілдері.

Еске салайық, Бейжіңнен келетін байлармен танысу үшін қазақстандық әйелдер мен қыздарды шақыру халық наразылығын туғызған болатын. Мұндай хабарлама Facebook желісіндегі “Доска объявлений Алматы, Астана” парақшасында жарияланды. 11 қаңтарда неке агенттігінің алдында наразылық шарасы өтіп, жиналғандар қазақ қыздарының қытайларға тұрмысқа шығуына тыйым салуды талап еткен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз