Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
2
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Үстінен түсіпті”. Риддерде ер адам әйелінің көңілдесін пышақтап тастады

Сөйтсе, ол жатын бөлмеде басқа еркектің көңілін аулап жатады. Ашуға бұлыққан ер адам ас үйге жүгіріп келіп, пышақты алады да әйелінің көңілдесіне бірнеше рет сілтейді. Осы оқиғадан зардап шеккен ер азамат ауыр жарақатпен ауруханаға түседі. Дәрігерлер оның өмірін аман алып қалған.

Сот отырысы басталған кезде кекшіл күйеу осы іске өкінетінін айтып, кінәсін мойындаған. Ер адам зардап шегушінің шығындарын толығымен өз мойнына алған. Сот зардап шеккен ер адамның ерсі қылыққа барып, осы ашуды туғызғанын да есепке алды.

Риддер қалалық соты адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін ер адамның бас бостандығын 3 жылға шектеді.

Фото: иллюстрациялық сурет

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз