Ер адам өзін зорламақ болған адамнан құтылып шыққан бойжеткен жайлы айтып берді. Оқиға Алматыда болды, деп хабарлайды stan.kz.
«Көлігіммен аулаға кіргелі жатқанмын. Бір кезде жарықтан адам сұлбасын байқап қалдық. Бастапқыда мас адам ба деп ойладық. Кейін Жания оның жағдайын біліп келуімді сұрады. Сөйтсем, үсті-басы балшыққа лайланған әлдебір бойжеткен тұр. Оның құрбысының үйіне бара жатқан беті екен. Сөмкесіндегі құжаттары мен ақшасын жоғалтып алған. Көшедегі көліктердің ешбірі тоқтамаған көрінеді.
Белгісіз біреу қараңғыда оған тап беріп зорламақ болыпты.
Бойжеткен әрең дегенде амалын тауып сытылып шыққан. Оны үйге ертіп келіп, таза киім беріп, тамақтандырдық. Полицияға хабарлаудан бас тартты. Кейін үйіне апарып тастадық».