Сонымен көпшілік көптен күткен Головкин мен Альварестің арасындағы кездесу аяқталып, тартысты бәсекеде мексикалық қарсыласынан айласын асырды деп хабарлайды Dalanews.kz.
Екінші кездесу Лас — Вегастағы T-Mobile аренасында өтті. Былтырғы жылғы кездесу екі боксшы бір-бірін ала амай, тең тарқасқан еді.
Ал бұл жолғы кездесуде әділ қазылар шешімімен Сауль Альварес жеңіске жетті: 115-113, 115-113, 114-114.
Әдетте мұндайдан кейін боксшылар шаршы алаңда қалып кездесуге қатысты ойларын білдіретін. Алайда, жерлесіміз кездесуден кейін сұхбат бергісі келмей рингтен кетіп қалды. Осы арқылы төрешілер шешімінің әділ болмағанына наразылығын білдірсе керек.