Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Ұсталғаны рас! ҚР СІМ өкілдері АҚШ-та ұсталған қазақстандық үш қызға қатысты пікір білдірді

Оның айтуынша, Нью-Йорктегі Қазақстан консулдығының өкілдері АҚШ-та ұсталған азаматшалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау бойынша қажетті барлық консулдық-құқықтық көмекті көрсетіп жатыр. ҚР СІМ ресми өкілі 1994, 1991 және 1970 жылғы үш азаматшаның ұсталғанын айтты.

“Бұл АҚШ-тағы ірі алаяқтық болды. 25 адам ұсталды. Раритетті көліктерді сатумен айналысқан алаяқтардың ісі, келтірілген шығынның жалпы сомасы – 4,5 миллион доллар”, – деді Смадияров.

РИА Новости мәліметінше, шілде айының соңында АҚШ-тың Әділет министрлігінің өкілдері Федералды қауіпсіздік бюросы өкілдерінің 25 адамның көлік сатуда алаяқтық жасады деп айыпталып жатқанын хабарлады. Оңтүстік округтің прокуратурасының мәліметінше, қылмыстық топтың құрамында Ресейдің жеті азаматы, Грузияның бес азаматы, Әзірбайжанның төрт азаматы және Қазақстанның үш азаматы, Латвияның екі тумасы, Украинаның екі азаматы болған.

Сондай-ақ, айыпталғандардың ішінде АҚШ пен Түркия азаматтары бар.

Еске сала кетейік, осыған дейін үш қазақстандық пен тағы 22 адамның АҚШ-та көліктерді сатып, ірі көлемдегі алаяқтық жасады деп айыпталып жатқаны хабарланған болатын. Прокуратура мәліметінше, осы істегі әрбір фигурант 30 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ, ақша жымқыру мақсатында алдын ала келісімге келіп жұмыс істегендері үшін әрқайсысы 20 жылға сотталуы мүмкін екені айтылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз