Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Үшінші рет тұрмыс құрған Ақбота Керімбекова бал айындағы суретін жариялады

166

Үшінші рет тұрмыс құрған Ақбота Керімбекова бал айындағы суретін жариялады (фото)

Ақботаның сүйіктісі. Скриншот 31 арнадан

Ақботаның жүрегін жаулап, өзіне ғашық еткен жігіттің есімі – Рауан. Жайықтың тумасы. Жасы 32-де. Ол да өнер алаңынан алшақ емес екен. Орал қаласындағы театрлардың бірінде актер. Алғаш рет екеуі осыдан екі жыл бұрын телефон арқылы танысқан көрінеді. Алдымен актер Рауан Ақботаның өнеріне ғашық болса, кейін әншінің өзіне көзі түсіп қалыпты.

Үшінші рет тұрмыс құрған Ақбота Керімбекова бал айындағы суретін жариялады (фото)
Ақбота мен сүйіктісі. Скриншот 31 арнадан

“Одан кейін біраз дос болып осы қараша айында ұсыныс тастап, мен “сені бақытты қыламын” деп уәде бергеннен кейін көрейік енді деп, келістім”, – дейді Ақбота Керімбекова.

Осылайша, дос болып араласқан Ақбота қалай ғашық болып қалғанын сезбей қалыпты. Ал әншінің тұрмысқа шығуына балалары түсіністікпен қарапты.

 

Үшінші рет тұрмыс құрған Ақбота Керімбекова бал айындағы суретін жариялады (фото)
Ақбота мен сүйіктісі. Скриншот 31 арнадан”Енді балаларым өсті. Балаларым шетелде оқиды. “Мама өзіңіз жалғызсыз ғой, жаныңызға жақсы адам болса”, – біз қарсы емеспіз деді. Балаларым өздері рұқсат берген. Жаныңда жанашыр тірегің болғаны дұрыс қой. Тағдыр әркімдікі әр түрлі. Ешкімді кінәлай алмаймын. Ешкімге ренжімеймін де. Бұл өмір менікі”, – дейді әнші.

 

Дереккөз: nur.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз