Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Үшеуі жабылып істеген”. Жамбыл тұрғыны қызының өліміне құдағиын айыптады

122

Гүлнұр Тұрдалы келін боп түскен үйінде өткен айдың 18-і күні ажал құшты. Ұзатылғанына небәрі тоғыз ай болған жас келіннің кіндік тұсына пышақ кіріп көз жұмған. Ол өзіне қол салған дейді марқұмның енесі. Алайда марқұмның анасы, бұған сенбейді. Айтуынша оны енесі, қайынсіңлісі және күйеуі әдейі немесе жанжал кезінде абайсызда өлтіріп алған.

https://kaz.365info.kz/astanada-zhurnalist-kelinshekti-yryp-oltirgen-kydikti-ystaldy-333841

“Қайынсіңлісі үшеуі ғой жабылып істеп отырған. Олар бәрін тап-таза қылып отыр ғой. Менің қызым өз-өзіне жұмсайтындай оның күші де жоқ”, деді Гүлнұр Тұрдалының анасы.

Отбасылық жанжалдан зәрезап болған Гүлнұрдың төркінінде 10 күн жатып келгені анықталды. Сол оралған күннің ертесіне қайғылы жағдай болған. Бауыр еті баласынан айырылған ана енді ақиқатына жете алмай зар жылап жүр.

Құда болып, құйрық-бауыр асатқан қос тарап қазір бір-біріне өлердей өш. Көрген жерде жаға жыртысып, қырық пышақ болады. Бірақ Гүлнар Садырқұлова құдағиының таққан айыбы орынсыз дейді.

“Құдай алдында да, Құран да ұстайын, мен адалмын, жасыратыным жоқ. Бала-шағам да , өзім де адалмын”, деді Гүлнұр Тұрдалының енесі.

Гүлнар Садырқұлова сұмдық жағдайдың қалай болғанын өзі де анық  білмейді. Оның айтуынша, томаға тұйық келіні таңғы астан кейін үлкен үйге кіріп кеткен. Артынан іздеп барған қызы мен өзі оны жерде ес-түссіз жатқан жерінен көреді. Жанында пышақ болған. Дереу жедел жәрдем шақырмастан ауруханаға жеткізеді. Гүлнұр сол жерде жан тапсырған. Қазір осы жайтқа қатысты тергеу жүруде.

https://kaz.365info.kz/suretin-zhibergen-pavlodarda-bankir-zhigit-zhymbakh-zhagdajda-khajtys-boldy-333844

“Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабы, 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тегеу амалдары жүруде. Бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды”, деді Жамбыл облыстық ІІД баспасөз хатшысы.

Марқұм кісі қолынан қаза тапты ма әлде суицид пе? Енді ол жағын тергеушілер анықтайтын болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз