Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Үш жыл бірге тұрған…”. Айсәуле Бақытбек жігітін кіндік шешесіне таныстырды (фото)

Айта кетелік, Баян Алагөзованың тұңғышы Айсәуле Бақытбек бұған дейін жігітімен азаматтық некеде тұрғанын және мұнан кейін жігітінің тастап кеткенін ашық айтып, жазба жариялаған.

https://kaz.365info.kz/atten-aken-khasynda-zhokh-ajsaule-bakhytbek-neke-zhyzigin-takhty-foto-video-316154

«Егер қыздарыңыздың өмірінің соңына дейін пәктігін сақтап өткенін қаласаңыз немесе азаматтық неке туралы нашар ойласаңыз, бұл жазбамды оқымай-ақ қоюыңызға болады. Өз басым азаматтық некені қолдаймын. Десе де дәстүрлі некеге де еш қарсылығым жоқ. Шынымды айтсам, басқа ересек адамдардың қарым-қатынасында шаруам жоқ. Өз басымнан өткен жағдайдан түсінгенім, егер үш жыл бұрын жігітіммен азаматтық некеде тұрмас бұрын, бірден тұрмысқа шықсам, онда некеміздің Ким Кардашьян и Крис Хамфристікіндей оқиғамен аяқталатын еді деп ойлаймын. Себебі мен отбасылы өмірге мүлдем дайын болмадым.

Ұялсам да айтайын, біздің үйіміз ғашықтардың мекенінен гөрі, қоқыс үйіндісіне ұқсайтын. Содан соң да Алматыға келе сала ол мені тастап кетті.

Несін жасырайын, мен оны түсінемін. Біз жарты жылға айырылыстық. Бұл уақыт мен үшін өте тиімді болды.

https://kaz.365info.kz/mejrambek-zhokh-eken-khyzyn-yzatkhaly-zhatkhan-bayan-khonakhtardyn-tizimin-zhasady-foto-316224

Есесіне қазір мен үй жинауды, тамақ жасауды және керек жерде ер адамнан төмен тұруды үйрендім. Ең бастысы, ынта-ықылас менің тарапымнан ғана болмады. Жігітім де есейіп, көп нәрсеге басқаша қарайтын болды. Қазір мен жігітіммен өз өмірімді бөліскім келетінін түсіндім.

Десе де некеге тұруға әлі де асықпаймыз. Біз ақша табуға асығып, болашаққа жоспар құрып, мақсатымызға жету жолын жоспарлаудамыз», – деп жазды Айсәуле Бақытбек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз