Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Үш рет ағып кетті…”. Төсін үлкейтем деп опық жеген келіншек сырын ақтарды

312

45-тегі хирург еркек менің таңдауымның дұрыс екенін айтты. Бүкіл анализді тапсырдым. Гармондардың анализі тіпті қымбат екен, не керек, бәрін жасадым. Отаға түстім. Есімде жоқ қалай болғаны. Есімдегісі, дәу төсімді көріп қатты қуандым. Ол қуанышым бір жылға ғана созылды.

12 айдан соң оң төсім сола бастады. Ауырып ештеме болмады. Содан соң мән бермедім. Сөйтсем жарылып, ішіндегісі ішке аққан ғой. Дәрігерге бардым жүгірдім. Ота жасау керек деді. Сөйтіп екінші рет отаға түстім.

https://kaz.365info.kz/eki-shelek-omyrau-alemdegi-en-dau-keudeli-ajelder-foto-312346

Дәрігер үнемі массаж жасап отыру керек болған, өзің кінәлісің деді. Сөйтіп 3 жылдай жүрдім. Бұл аралықта мен күйеуге тиіп, бала тудым. Еміздім баламды. Ешнәрсе кедергі емес секілді көрінген. Бірақ уақыт өте келе төсімнің асты томпайым, қарая бастады. Хирургке барып едім, тағы силикон ағып жатыр деді. Сүт итерген ғой бәрін. Сөйтіп тағы да наркозға түстім.

Маған имплантантты алмастырып берді. Бірақ ота кезінде менің төсімде ісік барын анықтапты. Оны алып тастады. Құдай сақтағанда, емделетіні екен. Ол орынды да имплантантпен толтыруға тура келіпті. Бұл жолғы басқа дәрігер еді. Ол алдындағы дәрігер фиброздың капсуласын алмаған деді. Әйтеуір жағдайым жақсарғандай болды, төсім жұмсарып қалды.

https://kaz.365info.kz/suretshi-yz-k-shedegi-erkekterge-zini-t-si-men-zhynys-m-shesin-statty-212286

Алайда бір жылдан соң кенеттен қызуым көтерілді. Кеудем ісіп кеткен, үстінен дақтар пайда болды. Тағы да ота жасады. Имплантант жарылған. Сөйтім мүлде оң төсімді уақытша ала тұру керек болды. Сөйтіп жарты ай бір төспен жүрдім. Отаға келіскім келмеді. Басқалай бірдеңе қыл дедім. Өйткені мен енді төсім емес, денсаулығыма алаңдай бастадым.

Онсыз да бір төсімнен ұялып, жарты жыл төсекте болмадым. Комплекстер пайда бола бастады. Қорқатын болдым. Ана ісік емделмейтін түрге айналып кетсе не болады деймін.

Әрине, отаға барған дұрыс емес деп айтпаймын. Менің қателігім, оны ерте жасатып қойдым. Қыз күнінде соның керегі жоқ секілді. Ал бала туып, енді бала тумайтыныңды білген кезіңде жасатсаң ол нағыз уақыты секілді. Бұл – біріншіден.

https://kaz.365info.kz/emshegim-goj-yyatsyz-anshi-san-keshine-tosin-ashyp-keldi-253266

Екіншіден, интернеттен дәрігер таңдамаңыз. Бұл сатып ала салатын, одан керек болмай қалса лақтыра салатын тауар емес. Денсаулығыңызды бәске тігесіз. Сондықтан ең жақсы дәрігерді дұрыстап, көзбе көз көріп, көп уақыт зерттеп барып барған жөн.

Үшіншіден, арзанның сорпасы татымас демекші, арзан нәрседен аулақ болған жөн.

https://kaz.365info.kz/playboy-zhurnalynyn-tandauy-bojynsha-26-zhasar-khyz-en-seksualdy-dep-tanyldy-311956

Төртіншіден, қазір силикон деген салмайды, ол ескірген өнім, сондықтан оған жоламауларыңызға кеңес берем„.

 

Жанерке, Алматы қаласы

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз