Ақтаулық келіншек өзінің мемлекеттік қызметкерге қалай тоқал болғаны туралы айтып берді.
Бұл туралы Nur.kz хабарлады.
1988 жылы туған Назым қазір үлкен қызметте отырған азаматтың жары. Қалада өскен ол Ақтаудағы орта мектептердің бірін аяқтаған соң жоғары оқу орнында білім алып, жекеменшік компанияда кеңсе менеджері болып жұмыс істеген.
«Өзімнен 12 жас үлкен азаматтың екінші жары боламын деген ой ешқашан болған емес. Көңілім қалаған жігітке тұрмысқа шығамын деп жоспарлайтынмын. Бірақ тағдыр олай жазбады. Жиырма жеті жасыма дейін лайықты жігіт жолықпады ма, жұмыстың жайымен салт басты болып жүре бердім. Бірде әріптес құрбым тұрмысқа шығып, үйлену тойында қонақ болдық. Сол тойда мен өзімнің болашақ жарымды кездестірдім», – дейді ол.
Сол тойда қырықтар шамасында жігіттің биге шақырғанына онша мән бермедім. Тойдан кейін телефонымды сұрағанда да бергім келмеді. Алайда ол ебін тауып, ақыры дегеніне жетті.
https://kaz.365info.kz/s-pritsepom-dep-mensinbejdi-tokhal-bolam-dep-opykh-zhegen-kelinshektin-angimesi-311656
«Бастапқы кездері ол маған ара-тұра хабарласып тұрды. Жасы қырықта дегені болмаса жақсы күтінген, жағдайы бар екені бірден байқалды. Бірақ мені ол жағы аса қызықтырмады. Қатарласым болмаған соң кездесуге де құлықты болмадым», – деп ағынан жарылды келіншек.
Алайда олар көп ұзамай қаладағы мейрамханалардың бірінде кездейсоқ ұшырасқан. Барлық шытырман сол жерден бастау алыпты.
«Бәрі сол жерден басталды. Мені құрбыларыммен бірге күтіп, жақсылап сыйлады. Әңгімесінен дұрыс азамат екені байқалды. Содан кейін біз кездесе бастадық. Бірақ оның отбасы бары мені қатты алаңдатты. Өзімді кінәлі сезіндім», – дейді Назым.
https://kaz.365info.kz/kyjeuimdi-tartyp-aldy-zhezdesine-tiip-algan-khyz-zhyrttyn-ashuyn-tugyzdy-311584
Болашақ күйеуінің ірі мекеменің бірінде басшылық қызмет атқаратынын ол кейіннен біліп, таң қалады. Тұрмысқа шығу туралы ұсыныс түскенде қандай шешім қабылдарын білмей, ұзақ уақыт ойланған. Кейін анасымен кеңесіп, күйеу жігіттің ұсынысын қабыл алған.
«Біз жас отбасылар секілді дүркіретіп той жасамадық. Ата-аналарымыз шағын адаммен құдалық рәсімін өткізді. Бірінші жұбайы келісім бергенімен, қатынасып тұратындай байланысымыз жоқ. Мен бөлек үйде тұрғандықтан жолдасым аптасына екі-үш рет келіп тұрады. Ал іссапарға шыққанда ертіп алады», – дейді Назым.
Назым күйеуіне құлай ғашық болмағанымен, қатты сыйлайтындығын, оның бойында еркекке тән мінез барын айтады.
«Құрбыларыммен кездесу үшін рұқсат сұраймын. Бір-бірімізді жақсы көреміз. Кейде құрбыларыммен кездескен жерге келіп, бірге отырып көңіл көтеріп кетеді. Ол туралы менің туыстарымның да көзқарасы дұрыс», – деп сөзін аяқтады ол.
https://kaz.365info.kz/ajlavyu-erke-zhoba-basshysy-bespaevkha-khylmyndap-eldin-ashuyn-tugyzdy-video-312042
Қазір бір бала тәрбиелеп отырған оның өмірі көпшілікке қызық.
Бастапқыда туыстары қарсы болғанымен кейін келе жолдасының жақсы адам екеніне көз жеткізген соң, бұларды өсектеу азайыпты.