Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды қалаларындағы медициналық қызметкерлердің COVID-19 індетін жұқтырғаны белгілі болды
Аталған жағдайға байланысты бас санитар дәрігер медициналық қызметкерлердің инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы жаңа қаулы жариялады.
“Жаңа қаулыда дәрігерлерге арналған қауіпсіздік шаралары қарастырылған. Өкінішке орай, бүгін Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағандыда медициналық қызметкерлердің коронавирус жұқтырғаны анықталып отыр. Жаңа ережеге сәйкес, ақ халаттылардың жұмысының қауіптілігіне байланысты бірнеше талаптар қойылады”, – деді Есмағамбетова.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 369-ға жеткені айтылған болатын. Олардың басым көпшілігі Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында анықталып отыр.