Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Үш баласын үш күн қараусыз қалдырғаны үшін қостанайлық келіншек жазалануы мүмкін

24 жастағы ана осы қылығы арқылы өз балаларының денсаулығына қауіп төндірді. Сол себепті, қараусыз қалдырған әйел балғындарын алты ай бойы көре алмайды. Бұл – кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның шешімі.

Осы уақыт аралығында балалар Қостанайдағы «Дельфин» сәбилер үйінде болады. Кішісі қараша айында Астанаға барып, томографиядан өтеді.

Қарабалық тұрғындарының айтуынша, үйдің отағасы бала-шағасын тастап басқа облысқа көшіп кеткен. Әйелдің ішімдікке салынуына осы жағдай себеп болуы мүмкін.

Енді ол алты ай ішінде жұмысқа тұрып, материалдық жағдайын түземесе, аналық құқығынан айырылуы мүмкін. Өзін жақсы жағынан көрсетіп, тұрмыстық жағдайының оңалғанын дәлелдесе, балалары міндетті түрде үйіне оралады. Айтпақшы, әйелдің бірнеше жыл коммуналдық төлемдерді өтемей жүргені анықталды. Мұның сыртында үйде электр жарығы жоқ. Ал аудан тұрғындары оның осы қарыздарын өтеп беруге уәде етіпті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз