Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Үш айдың ішінде мыңға жуық қазақстандық тұмаудан, ЖТА мен пневмониядан қайтыс болған

241
Дерекөзі: dpchas.com.ua

61,4% — қала, 38,6% — ауыл тұрғындары деп хабарлайды Ranking.kz. Олардың 16,8 мыңы ер адамдар, 14,4 мыңы әйел адамдар. 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өлім-жітім көрсеткіші 7,5%-ға төмендеген.

Елдегі қаза болғандардың төрттен бірі — 23,7%-ы немесе 7,4 мың адам  — қанайналым жүйесінің аурларынан көз жұмған. Оның шінде 166 өлім гипертониялық арулардан, 2,5 мыңы жүректің ишемиялық ауруларынан, 2,7 мыңы ми тамырларының зақымдануына болған.

Сондай-ақ  11,7%, немесе 3,7 мың жағдайға  денеде жаңа өскіндердің түзілуі ықпал еткен, ал қатерлі ісіктерден 3,,6 мың адам қаза болған.

Тыныс алу органдарының ауруларына барлық өлім-жітім көрсеткішінің 11,7% сәйкес келеді, соның ішінде тұмаудан ЖРА мен пенвмониядан 1 мың адам көз жұмды.

Жазатайым оқиғадан, улану мен жарақат алудан 7,7% немесе 2,4 мың жағдай тіркелген. Бұл тармаққа 427 суицид жағдайы да кіреді.

Атап өтейік, Қазақстанда соңғы деректерге сәйкес коронавирустан 67 адам қаза болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз