Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Қысқы каникул қысқартылмайды. Өтпей қалған сабақтың өтеуі қалай болады?

Сабақтарды тоқтату ҚР Білім министрінің «Қолайсыз ауа-райы жағдайларында орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен жарияланған. Оған сүйене отырып, әрбір мекеме бұйрықтар шығарады және онда сабақтар тоқтатылған күндер, ол күндері сабақ өткізбеген мұғалімдер көрсетіледі.

Осы ретте әрбір мұғалім балалар өтпей қалған тақырыптарды интеграциялау есебінен күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауға өзгертулер енгізеді.

«Сабақтардың тоқтатылуына байланысты өтпей қалған тақырыптарды мұғалім резерв сағаттар немесе қайталау мен жалпылау сабақтары есебінен осы тоқсанның ішінде балаларға түсіндіруге тиіс. Балалар каникул немесе қосымша сағаттар есебінен оқымайды.

Бұдан басқа, егер балалар сабақ тоқтатылған күні мектепке келсе, олар күндерін сонда өткізуге тиіс, балаларды ешкім үйлеріне қайтармайды. Бір немесе екі оқушы келсе, мұғалім оған сабақ өткізуге міндетті, және егер сол сабақта баға қойылса, ол баға түзету енгізілген күні қойылады», – дейді Ботагөз Жүнісова.

Пән мұғалімі де балалардың өз бетімен жасайтын жұмыстарының түрін өзі таңдай алады, бұл тапсырмалар сынып жетекшілеріне беріледі, соңғылары оқушылар мен ата-аналарға хабарлайды. Оқушылар тапсырмаларды үйде орындап, сабақтар басталған уақытта тексеруге әкелуге тиіс.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз