Қазанда қаз қайтпай жатып ерте түскен қар көпшілікті әбігерге салды. Аптаның аяғында «Қазгидромет» мамандарының айтуынша, елдің басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады деп хабарлайды “Хабар” арнасы.
Солтүстікте жапалақтап қар жауып, боран соғуы ықтимал. Оңтүстікте қар аралас жаңбыр жауады деген болжам бар. Батыс өңірінде қар мен жауыннан бөлек, ауа температурасы 8 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Орталық пен шығыс өңірлерде ызғар болады.
2017 жылдың қаңтары мен ақпанында қатты аяз болады деп болжануда. Дегенмен, ғалымдар жалпы жер бетінде ауа райы бұрынғыдан 1 градусқа жылығанын айтады.