Әйгілі Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі, қазір түрмеде жатқан Бақытбек Есентаевтың ісіне қатысты сенсациялық мән-жайлар ашылды, деп жазады Caravan.kz.
Бақытбек Есентаевтың туған-туыстарының пікірінше, ол өзінің бұрынғы әйелін зорламаған.
– Алматы қаласының сот-сараптама институтының 5210 нөмірімен берілген молекулярлық-генетикалық сараптама қорытындысы бойынша жәбірленуші Баянның жағындысынан (мазок) алынған ұрық (сперма) осы іс бойынша күдікті адамдыкі емес болып шыққан, – дейді Бақытбектің қарындасы Нағима Caravan.kz медиа-порталының тілшісіне берген сұхбатында. – Бұл Бақытбектің Баянды зорламағанын білдіреді.
– Сіз осымен нені дәлелдегіңіз келеді?
– Менің ағам жасамаған әрекетті жасады деп жалған куә болған тұлғаларды жауапқа тарту мүмкіндігін қарастырғым келеді.
Естеріңізге салсақ, белгілі продюсер Баян Алагөзованы экс күйеуі Бақытбек Есентаев 2016 жылдың 10 шілдесі күні бірнеше жерінен пышақтап, соққыға жыққан болатын. Бастапқыда бұл іс бойынша, Бақытбек Есентаевқа ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлімі бойынша 99-баптың 1-бөлімі («Адам өлтіруге оқталу») бойынша айып тағылған. Алайда, араға уақыт салып, Бақытбек Есентаевтың үстінен әйеліне сексуалды сипатта жәбір көрсеткені үшін жәбірленушіден арыз түсіп, Есентаевқа ҚР қылмыстық кодексінің «Адам өлтіру» бабынан бөлек, ҚР қылмыстық кодексінің 120-шы бабы, «Зорлау» және 121-ші, яғни «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» баптарымен айып тағылды. Бірақ 2016 жылдың 3 қарашасында, Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Бақытбек Есентаевты «Адам өлтіруге оқталу» бабымен айыпты деп танып, соңғы зорлық деректерінің дәлелденбеуі себепті, зорлау, сексуалдық сипаттағы зорлық зомбылық әрекеттері бабымен кінәлі деп таппады.
Өйткені жәбірленушіден алынған жағынды жарамсыз болып табылған. Яғни,
молекулярлық генетикалық зерттеу кезінде ол жағындының кімге тиесілі екені анықталмаған.
Бұл Алматы қаласы бойынша сот сараптамасы орталығы, сот сараптама институтының №5210 қорытындысында көрсетілген. (құжаттың көшірмесі редакцияда бар деседі).
Сондай-ақ, тағы еске сала кетсек, Баянның адвокаттары жәбірленуші бұрынғы күйеуін балалары үшін кешіргендіктен қылмыстық істі тоқтатуды да сұраған болатын.
"Екі қатын ойран деген…". Қазіргі тоқалдарға ақша-дүние ғана керек