Қырғызстанда 6,3 балды жер сілкінісі болды.
Қырғызстанда болған күшті жер сілкінісінің белгілері Қазақстанда да сезілді, – деп хабарлайды Stan.kz.
«Геофизикалық зерттеу институты» қазақстандағы мемлекеттік кәсіпорын орталығы жер сілкінісінің магнитусы 6,3 екенін бағалады.
Қазақстанның білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибелі-методикалық экспедициясы өз кезегінде жер сілкінісінің магнитудасы 6,5 екенін мәлімдеді. Оның мәліметінше, Шымкент пен Тараз қаласында жер сілкінісі белгісі 3 балды құраған. Ал, Алматыда 2 балды белгісі байқалған.
Жер сілкінісінің уақыты Астана уақыт бойынша 17,17 сағатта болған.