Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Қырғызстанда террорға қарсы іс-шаралар күшейтілді

Атамбаев аса маңызды нысандар мен дипломатиялық өкілдіктердегі күзетті күшейтуді, бұған қоса адам көп шоғырланған орындардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тапсырды. МҰҚК жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Еске салсақ, 30 тамызда жанкешті терроршы жарылғыш тиелген көлікпен ҚХР-ның Бішкектегі елшілігінің қақпасын бұзып өтіп, жарылғышты іске қосқан. Қытай елшілігінің үш қызметкері ауруханаға жеткізілді.

Қытайдың сыртқы істер министрлігі елшілікке жасалған шабуылды “аса қауіпті әрі қатыгездік” деп атады. Қытай Қырғызстан билігін қылмысты ашуға шақырды. Әзірге ешқандай ұйым шабуылды мойындаған жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз