Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
6
USD
429
+2.03
EUR
500
+3.00
RUB
5.44
-0.06

Қырғыздар 1916 жылғы оқиғаны геноцид деп таныды

Бірінші дүниежүзілік соғыс барысында жергілікті халықты әскери қара жұмысқа күштеп тартты. Көптеген этникалық қазақтар мен қырғыздар тылдағы ауыр жұмысқа шақыртуға қарсы шықты. Жазалау батальоны 100 мыңнан 270 мыңға дейін қырғызды өлтірді деген болжам бар, ал қуғын-сүргіннен қашқан мыңдаған адам Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиясына өтіп кетті.

Қырғызстан аумағындағы 1916 жылғы оқиғалар кеңестік тарих оқулықтарына енбеді. Қазақстандағы көтеріліс патшалық Ресей мен байларға қарсы әрекет ретінде баяндалып, оның соңы 1917 жылы социалистік төңкеріске ұласты деп сипатталды. Биыл сәуірде Ресей Мемлекеттік Думасының төрғасы Сергей Нарышкин геноцидке қатысты айыптауларды жоққа шығарып, “жүз жыл бұрын барлық халықтар зардап шекті” деп мәлімдеді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз