Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
9
USD
426
-0.41
EUR
493
-1.42
RUB
5.97
-0.01

Қырғыз азаматтарын ажал құштырған қазақстандық дәріге біз жауапты емеспіз – министр

Қырғыз Республикасы прокуратурасының хабарлауынша, қырғыздың денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Фтизатрия ұлттық орталығы Қазақстанның «Инфекцияларға қарсы препаратар ұлттық орталығы» акционерлік қоғамымен ФС-1 дәрілік затын клиникалық сынақтан өткізуге келісімшарт жасасқан. Осыдан кейін олар өкпе ауруына шалдыққан 54 науқасқа осы дәріні берген. Соның салдарынан дәрі 10 науқасқа кері әсер етсе, 2 қырғыз азаматы қаза тапқан.

«Жалпы, дүниежүзінде әрбір жеке кәсіпкерлер, жеке дәрі-дәрмек шығаратын кәсіпорындар өздерінің жаңа препараттарын шығаруы мүмкін. Бірақ ол препаратты азаматтарға беру үшін бірнеше жыл зертханалық, клиникалық зерттеулер жүргізіледі. Ал енді клиникалық зерттеулер жүргізілген кезде дәріні шығаратын мекеме мен дәріні клиникалық зерттеуден өткізетін мекеме арасында келісімшрат болады.

Ол ерікті түрдегі шарт, әрбір клиниканың өз шешімі бойынша беріледі. Бұл – екі мекеме ортасындағы қарым-қатынас. Яғни, олар жеке кәсіпкерлік, жеке мекеме. Сондықтан біз бүгінгі таңда жасалынып жатқан барлық препаратқа жауап бермейміз. Ал өз мемлекеттімізде ондай дәріні клиникалық зерттеуден өткенін, дәлел базасы бар екендігін тексеріп қана аламыз»,- деді министр деп хабарлады ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың басында елімізде бұқаралық ақпарат құралдарында аталған мекеменің өздері шығарған дәрі-дәрмегін Германияға апарып көрсеткендігі жөнінде ақпарат болған.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз