Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Ыңырси берді…”. Жындаханадағы сұмдық жағдай жұрттың зәресін ұшырды (видео)

177

https://kaz.365info.kz/yyalsanshy-eki-kokparshynyn-ortasynda-otyrgan-zamira-elden-soz-estidi-video-316585

Адам өліміне қатысты бұл сот отырысына айыпталушы қатыспайды. Келген күннің өзінде берген жауабының ешқандай күші жоқ. Өйткені жынды деген қағазы бар.

Ақыл-есі кем адамдарға арналған интернат-үйде емделіп жатқан 28 жастағы Марина Солдатова палатасындағы көршісін орамалымен буындырып өлтірген. Ыңырсып ұйқысын қашырған науқастың ауызына алдымен шүберек тығып, тыныштандырмақ болыпты.

Дидар Әубәкіров, мемлекеттік айыптаушы:

-Сегізінші палатада жатқан Солдатова көршісінің ыңырсып, ұйқы бермегеніне ашуланады. Содан науқастың үстіне шығып, бетінен ұра бастайды. Керуетте ілулі тұрған жаялықты алып, аузына тыққан. Сосын орамалмен мойнынан  қылғындырады. 

Науқастың қылмысы ауыр болғанымен, тағылар жаза жеңіл. Жындыны мәжбүрлеп күзеті күшті мекемеде емдеуден басқа амал жоқ. Оны түрмеге қамай алмайды.

https://kaz.365info.kz/khyzdykh-perde-barinde-bolmajdy-mamandar-khyzdykh-perdenin-9-tyri-bar-ekenin-ajtty-316486

Дегенмен, кісі қолынан қаза тапқан науқастың туыстары бұл жағдай үшін интернат-үйдің басшыларын жазалауды талап етіп отыр. Өйткені мұндағылар қылмысты жасырып, жақындарына ауырып өлді деп естірткен.

-Менің ренжігенім неге олар жасырғысы келді? Қасындағы ауру қыз да айтты Марина. Олар соны жасырғысы келді. Полиция шақырмаңдар деді. Жауапқа тарту керек. Олар жасырғысы келді.

Айыпталушының сенімді өкілі ретінде сотқа қатысқан интернат-үй директоры орынбасарының осы оқиғаға қатысты тіс жарғысы жоқ. Ал жындыхана басшысын қызметінен таба алмадық. Ақыл-есі кем адамдарға арналған үйдің өзге қызметкерлері де сөйлегісі жоқ.

-Жындыханадағы көршісін буындырып өлтірген Марина Солдатоваға қатысты сот үкімі бірер күнде шығады. Судья ол кезде науқастың қай жақта мәжбүрлі емдеуден өтетінін ғана айтады.

Ал марқұмның туыстарының интернат қызметкерлеріне қатысты арызы бұл жолы қаралмады. Өйткені сотқа бөлек арыз түсіруі керек.

https://kaz.365info.kz/zhatyry-tazalanbagan-shymkenttegi-perzenthanada-zhantyrshigerlik-zhagdaj-boldy-video-316394

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз