Үндістанның Теланган штатында сәуір айының басындағы аптап ыстықтан ең кем дегенде 167 адам көз жұмды.
Бұл туралы Deccan Chronicle басылымына сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлады.
Мұндай мәліметтер Телангандағы төтенше жағдайлар жөніндегі агенттікке аймақтық билік орындарынан түскен. Соңғы бірнеше күнде Телангандағы сынап бағанасы 40 градустан төмендемей тұр.
Сонымен қатар, штаттың кей аймақтарында ауа-температурасы 47 градусқа дейін көтерілген.
Аптап ыстық аталған штатта әлі бірнеше күн сақталады деп күтілуде.