Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Ұмытпаймыз!”. Ресейде Немцовты еске алуға арналған марш өтті

Марш басталар бұрын ПАРНАС партиясының төрағасы Михаил Касьяновтың үстіне білгісіз біреу жасыл дәрі құйып кеткен. “Солидарность” қозғалысының директоры Константин Ершов ұсталды. Маршты ұйымдастырушылар шеру басталар қарсаңында бірнеше палатканы, украиналық жалауды тартып алғанын мәлімдеді.

Еске алу акциясының ұйымдастыру комитетіне “Солидарность”, “Парнас”, Прогресс партиясы, “Яблоко”, “Открытая Россия”, “Партия 5 декабря”, Либертариандық партия, “Выбор России” және басқа да демократиялық күштер енді.

Оппозициялық саясаткер Борис Немцовты 2015 жылы 27 ақпанда Мәскеу орталығындағы Үлкен Москворецк көпірінде атып кетті. Тергеу мәліметі бойынша, қылмысқа тапсырыс берген “Север” батальонының бұрынғы офицері Руслан Мухудинов. Оған сырттай айып тағылды, ол 2015 жылдың қарашасынан бері халықаралық іздеуде жүр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз