Ұлытау облысында қырылған киіктердің саны 14 мыңға жетті. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.
«Ұлытау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен және еріктілердің көмегімен киіктердің өлекселерін жинау жұмыстары жалғасуда. Бүгінде 14 мыңға жуық өлексе жиналып, арнайы орындарда жойылды. Жұмысқа 145 адам мен 67 техника жұмылдырылды», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, өлекселер Кеңгір су қоймасынан да тазартылып жатқаны айтылды.