Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Ұлымның көзіне шөп салды…”. Қайынатасы бауыздап өлтірген Ақеркенің енесі ауыр сөз айтты (фото)

188

 

 

https://kaz.365info.kz/keudesin-tilgen-oralda-khajyn-atasy-kelinin-khatigezdikpen-oltirgen-324911

Айта кетсек, 28 жастағы Ақерке Қозекешова аяусыз өлтірілген болатын. Қылмыс жасады деген күдікпен бойжеткеннің қайын атасы қамауға алынған. Марқұмның енесі бұл жайтқа күйеуін келіннің өзі итермеледі деген пікірде.

“Ақерке өте қызу мінезді еді. Ұлым Саятпен жиі ұрыс-керіс шығаратын. Сол күні, сегізінші сәуірде Саят пен Ақерке тағы да сөзге келді”, – деп есіне алды Айгүл.

Әйелдің сөзіне сенсек, Айгүл баласына қарамай, уақытын телефон шұқылаумен өткізетін.

https://kaz.365info.kz/ysterinen-tystim-goj-almatylykh-ajelin-ne-yshin-ajuandykhpen-oltirgenin-ajtty-video-276865

“Балаға қарамайтыны Асылбектің ашуын келтіретін. Алайда біз олардың жанжалына араласпауға тырыстық. Ақеркенің көзге шөп салып жүргенінен сезіктеніп, оны үйден шығарып жібердік. Ал немере өзімізде қалады деп шештік”, – дейді Айгүл.

Енесінің айтуынша, 2017 жылдың аяғында олар Ақеркені өзге жігітпен қонақүйден шығып бара жатқан сәтінде ұстап алады. Бұл Саяттың одан ажырасып кетуіне себеп болған көрінеді.

“Бізге таныстарымыз Ақеркенің Ақсайдағы шетелдіктер тұратын қонақүйге кеткенін айтты.
Біз сол жаққа бардық. Ақерке барған нөмірде кім тұрып жатқанын анықтап, ол қонақүйден шыққанда Саят ажырасатынын мәлімдеді”, – дейді Айгүл.

Умарованың сөзіне сәйкес, бұл жайт келіні мен Асылбек Умаровтың арасы суып кетуіне әсер еткен. Айгүл Асылбекке тіл тигізіп, айқайлаған келіні оны өлтіруге өзі итермеледі деген пікірде. Нәтижесінде ер адам келінін аяусыз соққыға жығып, өлтіріп тынған.

“Мен күйеуімді ақтамаймын. Ол Ақеркені өлтіргенін өзі мойындап отыр. Алайда ол келінін қасақана өлтіруі мүмкін емес”, – дейді Умарова.

Бибігүл Ермұқанова Ақеркенің өлімінен кейін одан ешкім кешірім сұрамағанын алға тартты. Әйел қызының өліміне қайын атасы ғана емес, күйеуі де қатысты деген пікірде.

https://kaz.365info.kz/8-akh-zhasta-almaty-oblysynda-internat-tarbieshisi-naukhas-balany-khinap-oltirgen-308357

“Саят та, Асылбек те бір-біріне ұқсаған, қызғаншақ әрі қызу қанды жандар”, – дейді ол.

Бибігүл күйеу баласы оның немересін ұрлап әкетуді жоспарлап жүргеніне сенімді. Айтуынша, Саят екі жасар балаға сыра беруді әдет еткен. Салдарынан балада аллергия пайда болып, бұл өз алдына Ақеркені балаға дұрыс қарамады деп айыптауға себеп болған көрінеді.

 

https://kaz.365info.kz/bauyzdap-tastagan-khostanajdagy-tragediyaga-khatysty-zhantyrshigerlik-derekter-shykhty-foto-320793

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз