Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Кәрімовтің кіші қызы Лола Кәрімова-Тилляева Орталық Азия жаһангері, әскери қолбасшы Әмір Темірдің (Темірлан) немересі, ғалым және астроном” Ұлықбек” фильміне продюсерлік етті. Картина таяу күндері экраннан көрсетіледі.
Оның сөздерінше, «Ұлықбек. Соқпақты жолдардан жұлдызға» деп аталатын деректі фильмге продюсерлік ету Тилляевтер отбасы үшін бірінші тәжірибе.
Фильмге Венсан Кассель, Арманд Ассанте, Франциско Овалле секілді әлемдік кинематография жұлдыздары мен Маъруф Отажонов, Джавахир Закиров және Хашим Арсланов секілді өзбек әртістері қатысқан.
Фильмнің режиссері Баходыр Юлдашев. Фильмге Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Өзбекстан, Дания, Ресей және Нидерланд елдерінің ғалым, эксперттерін тартқан.
https://www.instagram.com/p/BRiMyR3hBdU/?taken-by=lola_tillyaeva&hl=ru