Ұлыбритания парламенті елдің премьер-министрі Терезе Мэйге Brexit рәсімін жүргізуге ресми түрде рұқсат берді.
Ұлыбритания сыртқы істер министрі Борис Джонсон бұл мәселеге қатысты “тарихи шешім қабылданды” деп мәлімдеді. “Біз Еуроодақтан шығамыз, бірақ Еуропадан кетпейміз. Біз континенттің дамуына үнемі үлесімізді қосамыз” деді ол.
Таяу күндері премьер Тереза Мэй Брюссельге ЕО келісімінің 50-бабы бойынша Brexit рәсімін жүргізу үшін сұрау жібереді. Сарапшылар бұл рәсім екі жылға созылуы мүмкін деп болжаған.
Ұлыбритания 2016 жылдың маусым айында Еуроодақтан шығу жөнінде референдум өткізген. Халықтың 52 пайызы (17,41 млн адам) қолдап дауыс берсе, 48 пайызы (16,14 млн адам) қарсы болған.