Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының күндізгі саудасында 322,02 теңгеге тең болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Еске салайық, 20 маусымдағы таңғы сессияда доллар бағамы 321,06 теңге болған еді. 20 маусымдағы күндізгі сауданың бірінші келісімі 321,15 теңгемен өтті. Минималдық құны 321,1 теңге болды, ал максималдық құны 322,49 теңгеге жетті. Сауданың жалпы көлемі 185,55 миллион долларға жетті.