Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-14
USD
496
-2.06
EUR
523
-2.87
RUB
4.94
-0.03

Ұлттық қордан ақша алудың мың түрлі себебін ойлап табамыз — сарапшы

278
Айдархан Құсайынов

Жақында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордан 2021-2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы Заңға қол қойды. 2021 жылы бюджетке 2,7 трлн теңге, 2022 жылы – 2,4 трлн, 2023 жылы – 2,2 трлн теңге түседі.

Кейін Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжілістегі пленарлық отырыста

1,5 млрд еуродан астам сомаға екі қарыз алуды жоспарлап отырғанын жеткізді, қаражат covid-19-ға байланысты бюджет тапшылығын жабуға жұмсалады

Ал бюджетте қаржы тапшы.

2021 жылға арналған республикалық бюджеттің кірісі 11,2 трлн, ал шығыс – 13,7 трлн теңге деңгейінде бекітілді

 2,6 трлн теңге деңгейінде тапшылық қалыптасады

Шенеуніктердің тапшылықсыз бюджетті құрай алмауына және Ұлттық қордан қаражат жұмсауды тоқтату мүмкіндігіне байланысты көптеген сұрақ туындайды. Олардың кейбіреуін экономист, талдаушы Айдархан Құсайыновқа  қойып көрдік.

Ұлттық қордан бюджетке ақша аудару ең жақсы шешім емес

— Қазір кез келген қарызды коронавирус пандемиясымен және онымен байланысты экономикалық дағдарыспен түсіндіруге болады. Қалай ойлайсыз, бұл ой қаншалықты орынды?

Ұлттық банктің трансферттері ел ішіндегі БЖЗҚ инвестициялайтын барлық салаға зиян келтірді — экономист

— Осылай жасауға тура келеді. 2021 жылдың бюджеті тапшы болғандықтан,  қарыз алмасқа амал жоқ. Негізінде, бюджеттің тесігін жабу үшін шетелден ақша алуда тұрған ештеңе жоқ. Егер мемлекет Ұлттық қордан трансферт, оған қоса қарыз алса, бұл қалыпты жағдай. Жақсы деп айта алмаймын. Жаман шешім ретінде сипаттауға болмайды.

Бұл, әрине, үлкен апат емес. Бірақ 1,5 миллиард еуро деген соманың өзі біршама көңілге жағымсыз.

Меніңше, бұл жаңалық емес, мұндай тәжірибе үнемі қолданылады. Үкімет сыртқы нарықтан бірінші рет ақша алып отырған жоқ және Ұлттық қордан трансферт тартып отырған жоқ.

Әрине  бюджетті тапшылықсыз құруды үйрену дұрыс болар еді. Сонда несие іздеудің немесе Ұлттық қордағы қаражатты жұмсаудың қажеті болмас еді. Шындығына келгенде, ол жерден ақша алып,  тікелей бюджетке бағыттау өте орынды шешім емес.

Босаңсудың зияны туралы

— Қалай ойлайсыз, қандай схема оңтайлы болады?

Ұлттық қордың активтері тамызда 1,5 трлн теңгеге қысқарды

—  Мүмкіндігінше қатаң бюджеттік тәртіпке ұмтылу керек. Түрлі жағдай болады. Егер кенеттен бюджеттің кіріс және шығыс бөліктері қиыспай жатса, қарыз алу керек. Бұл жалпы қабылданған тәжірибе.

— Бірақ бюджеттің кез келген проблемасын Ұлттық қордан берілетін трансферттер есебінен шешуге деген құлшыныс әлі де жоғары. Келісесіз бе?

— Әрине. Бастапқыда Ұлттық қор болашақ ұрпаққа бір нәрсе қалдыру үшін құрылған болатын. Бірақ бір сәтте жоғарғы жақтағылар тым босаңсып кетіп, ұлттық қордан әмбебап сиқырлы таяқша жасап алды. Оны ағымдағы шығынға жұмсаған кезде, билік оны құрудың негізгі мақсатына нұқсан келтірді.

Егер Ұлттық қордың активтері азаймаса, ағымдарды түсімдерді жеп қойды деген сөз бе?

— Сізбен толық келісемін. Менің ойымша, трансферттер іс жүзінде Үкімет рұқсат еткен «олқылықтарды» түзетуге жұмсалады. Қателесуім мүмкін, бірақ бір кездері Ұлттық қорда $86 млрд болғанын естідім, қазір — $50 млрд-тан сәл ғана асады. Жинақ қобдишасын беталды рәсуә қылу алаңдарлық мәселе емес пе?

— Иә, дәл солай. Егер үкімет Ұлттық қордағы қаржыны пандемия мен экономикалық қиындықтарға байланысты белсенді жұмсауда деп ойласаңыз, сіз қателесесіз. Билік оны соңғы бес жылда белсенді түрде жұмсап келеді.

Ұлттық қордың қаражатын 2009 жылдан бастап әлемдік дағдарыс салдарынан қиындыққа тап болған ірі банктерді құтқарған кезде  жұмсай бастады

— Ұлттық қордағы жинақтардың арифметикасы тәжірибесіз адам үшін өте күрделі. Сіз оны түсіндіре аласыз ба?

— Мұнда аса күрделі ештеңе жоқ. Ұлттық қор жыл сайын, атап айтқанда, мұнай компанияларының аударымдары есебінен толықтырылып отыратынын түсіну керек. Қарапайым қарапайым халық Ұлттық Банктің есептері бойынша Ұлттық қордың активтері өзгермегенін көргенде, ол тынышталады. Бірақ бұл тек алынған қаражатты бірден жеп қойғанын көрсетеді. Сонымен қатар, біз қолда бар жинақтарды да жұмсаймыз.

Жинақ қобдишасына қол салатын себеп табамыз

— Ұлттық қордың ақшасын жұмсаудың динамикасы қандай?

2023 жылы Ұлттық қордың қаражаты төмендемейтін қалдық деңгейіне жақындайды. Ақшаны қайдан алуға болады?

— 2009 жылға дейін Үкімет оған қол салған жоқ. Содан кейін олар дағдарысқа қарсы шаралар қажет деген сылтаумен ақша сұрады. Кейін бұл әрекет тұрақты түрде қайталанды. 10 жылдан астам уақыт бұрын биліктің Ұлттық қор қаражаты аса қажет болған жағдайда ғана жұмсалады деген пікіріне сенетін адам аз. 2014 жылдан бастап осы уақытқа дейін сыртқы резерв көлемі 20%-ға төмендеді.

— Бюджетке қарыз алуға мораторий немесе толық тыйым жариялай ала ма?

— Мұндай әңгімелер үнемі жүргізіліп тұрады. Кейде қатты және ашық, кейде тыныш және қарапайым айтылды. Мемлекет басшысы деңгейінде де, Үкімет деңгейінде де бюджет тапшылығы туралы көптеген сөздерді жиі естуге болады. Бір қарағанда енді сөзден іске көшетіндей көірнеді. Бірақ шындығында,

Әлемдік дағдарыс немесе коронавирус пандемиясы немесе Ресейге қарсы санкциялар … әрқашан Ұлттық қорға қол салуға себеп болуда

Қарыз алып жырықтың орнын жабу

— Ал егер Ұлттық қорға қол салмасақ, басқа не нәрседен ақша табуға болады? Мәселен, Қазақстан Президенті Nur Otan партиясының съезінде IT-сала мен туризмді экономиканың басым секторлары деп атады. Яғни, ол мұнайға көп үміт артпауды ұсынады.

— Дұрыс айтады. Қазақстанда қарапайым заттар экономикасы іске қосылды. Мемлекет басшысы қандай да бір серпілістерді жоспарлауды тоқтатып, ең қарапайым нәрсеге назар аударуға шақырды. Бұл шағын жобаларды дамытуды, олардың дамуын ынталандыруды және баяу ақша табуды білдіреді. Бірақ барлығы сөз жүзінде қалып қойды. Қазір біз Алматы мен Нұр-Сұлтанда «Назарбаев Университеті» үлгісіндегі екі ірі госпиталь салып жатырмыз. Елордада қанша заманауи клиникалар салынды, бірақ тағы сондай біреуін салуда.

Енді Ұлттық қорға екінші қырынан қарап көрейік.  Сіз байқадыңыз ба, жоқ па, бірақ ол меніңше, психологиялық функция атқаратын секілді.  Жоғарғыдағы адамдар Ұлттық қордың арқасында олар өздерін сенімді сезінтіндей көрінеді.

— Бұл пікір де орынды.

Мұнай өндіріліп жатыр, Ұлттық қор көбеюде, ақша бар, ал 20-30 жылдан кейін не болады, ешкімді ерекше мазаламайды

Үкіметтің 2021 жылғы бюджет тапшылығын жабуға қарыз алуы бір сәттік проблеманы шешуді білдіреді. Қарызға алып, жыртығымызды жамадық, басқа ештеңе жоқ.

Шекті деңгейді өзіміз белгіледік, енді оны қайта қарау оңай іс

— Бірақ, бұл ұзақ уақытқа созылмайды ғой. Ұлттық қордың да лимиті бар.

— Әрине, бар. Онда кемінде  жалпы ішкі өнімнің 30%-ы қалуы керек. Егер 2019 жылы Қазақстанның ЖІӨ-і номиналды мәнде 67,7 трлн теңгені құраған негізге алсақ, Ұлттық қордың қол тигізбейтін минимумы 20,3 трлн теңгені немесе $50 млрд астам болуы тиіс.

— Әрі қарай не болады?

Ұлттық қор трансфертінің басым бөлігі мердігерлер мен мемлекеттік корпорацияларды байытады — сарапшы

Ерекше ештеңе жоқ. Бұл мәселені депутаттар көтерді. Олар бұл шекті өзіміз белгіледік,  оны қайта қарай аламыз деген жауап алуы мүмкін. Мысалы, ЖІӨ-нің 20% көлемінде қайта бекіте алады. Шын мәнінде өте өзекті тақырып көтеріледі, бірақ оған риторикалық жауап берілді.

— Үкімет Ұлттық қордың ресурстарын босқа ысырап етуде. Ол тіпті бюджетті толтыруға да жетпейді.  Яғни, үкіметтің алған 1,5 миллиард еуро  соңғы қарыз емес пе?

— Басқа да қарыз алады. Ал мемлекеттік қарыз көлемі күн санап артып келеді.

Лимитке жеткен жоқпыз, сондықтан әлі де несие алуға болады

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз