Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Ұлттық банктің трансферттері ел ішіндегі БЖЗҚ инвестициялайтын барлық салаға зиян келтірді — экономист

191
Айдархан Құсайынов, Facebook-тегі парақшасынан алынған сурет

17 шілдеде БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңес онлайн-режимде өтті. Ұлттық банк кеңеске зейнетақы активтерін басқару туралы есеп берді. Ақпан айында зейнетақы қорының жаңа инвестициялық декларациясы қабылданды. 2020 жылдың 1 шілдесіне 11,8 трлн теңге болатын портфель құрылымы бұрынғыға қарағанда мүлдем өзгеше болып көрінген.

  • Зейнетақы активтерінің валюталық үлесі 33%-ға дейін өсті;
  • шетелдік активтердің үлесі 23,1%-ға дейін өсті;
  • зейнетақы активтерінің бір бөлігін басқаруға шетелдік компаниялар тартылды.

Олар:

  • «Дамушы нарықтардың жаһандық облигациялары» мандаты бойынша басқаруына 220 млн АҚШ долларын алған Aviva Investors»;
  • HSBC Global Asset Management — «Жаһандық пассивті акциялар» мандаты бойынша 250 млн АҚШ долларға ие болды;
  • PGIM — 300 млн АҚШ доллары;
  • Principal Global Investors — «АҚШ долларымен номинацияланған капиталдандыруы бар жоғары деңгейдегі инвестициялық қызметтің жаһандық корпоративтік облигациялары» мандаты бойынша 200 млн АҚШ доллары.

Бұған қатысты салымшыларда мұндай басқарудан пайда болады ма және ақша қандай да бір қиындықтар туса Қазақстанға қайтарыла ма деген екі сұрақ туындады. Өйткені дағдарысты ешкім жоққа шығарған жоқ. Бұл сұрақтарды біз экономист Айдархан Құсайыновқа қойдық.

Дұрыс бағыт

— Зейнетақы қорының жаңа инвестициялық декларациясына қандай баға бересіз?

— Дұрыс және саналы шешім. Шетелдік компаниялардың басқаруына БЖЗҚ-ның одан да көп активтерін беру керек еді. Ішкі экономика қазір көп зейнетақы ақшасын жинақтай алмайды. Бұның көптеген себебі бар.  Ең бастысы – мемлекеттің экономикаға жаппай қатысуы.

— Портфельдің басым бөлігі мемлекеттік бағалы қағаздарға инвестицияланғанын білеміз.

— Мәселе басқада. Бізде Ұлттық қордың ақшасы көп пайдаланылады,  бірақ бұл дұрыс емес. Ұлттық қорды құрудың мақсаты валюталық түсімдерді бейтараптандыру болды. Біз мұнайдың ақшасынан пайда көріп отырған жоқпыз,  жай ғана мұнайды бұрғылап шығарып, оны сатудамыз. Тиісінше,  мұнайдан түскен кірісті белсенді пайдаланғанда, бағам нығая түседі, экономика, тауарлардың бәсекелестігі және т. б. нашарлайды.

— Көбірек алған сайын, жағдайымыз нашарлай түсе ме?

— Иә. Біз бір доллардың бағамы 150-ден 120 теңгеге дейін нығайған уақытты бастан өткеріп, классикалық голланд ауруын сезіндік.

Ел түскен кіріске өмір сүрген кезде, ол ақша табуды ұмытып қалады

Бұл бүкіл өмір бойы адал жұмыс істеген адамның кенеттен мұраға кенелгенімен бірдей. Ақылды адам ақшасын инвестициялайды, ал өзі ары қарай да  табыс табуды жалғастырады. Ал ақылсыз адам ақшасын оңды-солды шашып, жұмысын тастап кетеді.

Мұнайдан түскен ақша да солай. Өкінішке орай, Ұлттық қордың кепілдендірілген трансферттері ұлғайған кезде, табыс табу идеясынан бас тартты. Ұлттық қордан экономикаға «мұра» құйылып,  зейнетақы активтерін қайда жіберерін білмеуде. Ал оның көлемі 12 трлн теңгеге жуықтады.

Ұлттық Банктің көзқарасы бойынша, шетелге зейнетақы активтерін инвестициялау өте дұрыс шешім болды. Бұл тәуекелдерді әртараптандыру.

Бюджеттік тәртіп

— Қазір елді дағдарыс жайлаған жоқ па?

— Қазір елге ақша қажет емес. Бұл парадокс секілді естілуі мүмкін, бірақ шындық осы. Енді оларды адамдарға таратып бермейміз ғой.

— Бүкіл әлем дағдарысқа тап болды. АҚШ-та немесе шартты түрде  Венесуэланы алып қарасақ, инвестициялаудың қандай тәуекелдері бар?

– Әртараптандырудың мағынасы да осында – ақшаны қалыпты, өтімді және тәуекелсіз активтерге инвестициялау. Бұл дұрыс, өйткені ел ішінде бұл ақшаға орын жоқ.

Біз 2007 жылға дейін тиіспеген Ұлттық қордың трансферттерінен бас тарту керек. Қанша пайда тапсақ, сонша ақша жұмсадық.

Қазір Қаржы министрлігінің бюджеті жетпесе, ол нарыққа барып, ақша алуы керек. Банктерден немесе сол БЖЗҚ-дан, бірақ пайызбен борышқа алады. Бұл кем дегенде бюджеттік тәртіпті тудырады

Бірақ керісінше де болуы мүмкін. Нарықтан ақша алудың орнына, мемлекет оларды Ұлттық қордан алады. Зейнетақы қоры триллион активтерді қайда жіберерін білмейді. Үкімет босаңсып кетті. Ол түскен пайдадан ақшаны қарызға емес, біржола қайтарымсыз алады.

Бизнестің барлық жол карталарын мұнайдан түскен ақшамен субсидиялай бастады. Бұрын бизнесмендер ақша алу үшін банктерге, қор нарығына немесе зейнетақы қорына баратын еді. Қарыз алу үшін әрине. Ал кейін оларға жол картасы арқылы оңды-солды кредит таратқан кезде, бизнесмен нарыққа жүгінуін қойды. Нәтижесінде банк жүйесі жұмыс істемей қалды. Банктердің пайдасы жоқ деген мәселе осыдан шығады. Ал олар депозиторлардың ақшасын 16%-бен кімге сатады?

Ұлттық қор экономикаға зиян келтіруде

— Ешкім қымбат болғандықтан 16%-бен қарыз алғысы келмейді.

— Үкімет инфляциямен күресудің орнына мемлекеттік ақшаны таратуда. Қазақстанның Даму банкі, «Самұрық-Қазына», «Даму», «Бәйтерек» — бұлардың барлығы  арзан ақшаның көздері. Осыдан экономикадағы ауытқулар туындауда. Қайрат Келімбетовтің кезінде зейнетақы қорынан арзан ақша беріп, ойын бастаған еді. Бұдан бас тарқаны жақсы болды. Мемлекет өзі жұмыс істеп таппаған ақшасын таратпауы тиіс.

Бұл жағдайда Ұлттық қорды басқару саясатына ешқандай әсер етпейтін Ұлттық банк пен БЖЗҚ валюталық нарықтарға шығуға мәжбүр

Ал мемлекет олардың көз алдында мұнай ақшасын айырбастап, теңгені негізсіз нығайтып, экономикада бәсекелестікті төмендетіп отырған кезде тағы не істеу керек?

Қалыптасқан экономикалық жағдай мен шындық тұрғысынан БЖЗҚ портфелін әртараптандыру шарасз қадам. Негізінен ақшаның түрлі құралда сақталғаны жақсы. Бірақ зейнетақы активтерін инвестициялауға болатын ішкі тауашалар Ұлттық қордың трансферттерімен бүлінген.

Қазірдің өзінде 970 млн доллар сыртқы басқаруда. Қандай да бір жағдай болса, оларды қайтала аламыз ба деген сұрақ көптеген адамды толғандырып отыр. Өзіміздікілерді ең болмағанда сотқа беріп, түрмеге отырғызуға болады, ал шетелдік басқарушыларды не істей аламыз?

— Дәл солай, сотқа жүгініп, түрмеге қаматамыз. Тек шетелдік сот арқылы іске асады. Мен шетелдік басқарушылар жергілікті басқарушылардан қауіпті деп айтпас едім. Олар триллиондарды басқаып отыр, кем дегенде бір клиенттің сенімін ақтамаса не болады? Дұрыс, бәрін жоғалтады. Сондықтан, олардың беделі БЖЗҚ активтерінің бірнеше жүз миллион долларынан да құндырақ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз